maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Діни экстремизм және терроризм: ұғымы, шығу негіздері мен көріністері

Діни экстремизм және терроризм: ұғымы, шығу негіздері мен көріністері

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен облыстық Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 16 қараша күні Атырау көпсалалы Болашақ колледжінің акт залында «Діни экстремизм және терроризм: ұғымы, шығу негіздері мен көріністері»  атты кездесу өткізілді. Шараға «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологтары Амангелді Уразов, Еламан Бегалиев, және колледжінің мұғалімдері мен студеттері қатысты.

 

 Аталған шараға теолог А.Уразов күн тәртібіндегі қаралатын мәселеге тоқталып, ислам дінінің хақ дін екендігін, экстремизм, терроризм, фундаментализм идеяларының асыл дінімізге еш қатысының жоқтығын айтты. «Ислам сөзінің ең түпкі мағынасы «бейбітшілік», «тыныштық» ұғымдарын білдіреді. Сондықтан Исламның ізгі қасиеттерге жетелеп, имандылыққа шақыратын шариғатын дұрыс түсінуіміз  керек», – деп, діни сауаттылықтың маңыздылығына тоқталды.

         Е.Бегалиев еліміздегі сәлафизм діни ағым мүшелерінің радикалдану кезеңдері және олардың  төртке бөлінгендігі жайында түсінік беріп, терроризм мен экстремизмді насихаттайтын сайттар адам санасын улап, өздерінің идеологиясын астыртын жүргізіп отырғандығын жеткізді. Ғаламтордан діни мақалалар мен жаңалықтарды «Мuftyаt kz», «Azan.kz», «Ummet.kz» сайттарынан білуге болатындығы туралы айта кетті.

         Кездесу соңында студенттерге сауалнама жүргізіліп, өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып,  тиісті жауаптарын алды. Шараға  50 адам қатысты.

                                                  «Шапағат» орталығының баспасөз қызметі


 

Жоғарыға