maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Экстремизм мен терроризмнің қазіргі заманғы қатерлеріне қарсы тұру

Экстремизм мен терроризмнің қазіргі заманғы қатерлеріне қарсы тұру

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен облыстық Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 қараша күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Экстремизм мен терроризмнің қазіргі заманғы қатерлеріне қарсы тұру» тақырыбында жиын өткізілді. Аталған шараға «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Амангелді Уразов, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Заура Орынбаева және колледж студенттері қатысты.

 

З.Орынбаева аталған жиынды ашып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселеге тоқталып, кездесудің мақсаты мен маңыздылығы түсіндіріп өтті.

         А.Уразов дайындалған слайд бойынша еліміздегі деструктивті діни ағым мүшелерінің радикалдану кезеңдері мен қандай топқа бөлінгенін айта отырып, дәстүрлі ханафи мазхабы және деструктивті діни ағым өкілдерінің намаз оқу үлгісі және дәстүрлі бағыттағы уағызшыларды, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын дәстүрлі діни әдебиеттер тізімін көрсетті.

         Кездесу соңында студенттерге сауалнама жүргізіліп, өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып,  тиісті жауаптарын алды. Шараға  50 адам қатысты.

 

                                      «Шапағат» орталығының баспасөз қызметі


Жоғарыға