maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

«Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі»

«Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі»

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен облыстық Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 қараша күні Атырау сервис колледжінің акт залында «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» тақырыбында кездесу өткізілді. Шараға «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Амангелді Уразов, колледж психологы Нұрия Сатимова және колледжінің студенттері қатысты.

 

Н.Сатимова аталған жиынды ашып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселеге тоқталып, кездесудің мақсаты мен маңыздылығын түсіндіріп өтті.

         Бұл кездесуде теологы А.Оразов қатысып,  егемендігімізді алып,  дамыған елдің қатарына қосылып жатқан Қазақстан үшін  діннің де алар орнының маңыздылығын, атқаратын рөлін, басқа діни бірлестіктегі өзге дінді ұстанушыларға оң көзқарас танытып, олардың да діні  мен мәдениетін құрметтеу керектігін баяндады. Біз елдің тыныштығы мен бірлігі үшін ханафи мазхабы  бойынша дінді ұстанып, мәдениетіміз бен әдеп-ғұрпымызды сабақтастыра білгеніміз абзал деп ойын түйіндеді.  

         Кездесу соңында студенттерге сауалнама жүргізіліп, өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып,  тиісті жауаптарын алды. Шараға  50 адам қатысты.

 

                                               «Шапағат» орталығының баспасөз қызметі


Жоғарыға