maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Ұлы Имам Әбу Ханифа

Ұлы Имам Әбу Ханифа

Жуырда «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында 2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ 157/11 Әйелдер түзету мекемесінде «Ұлы Имам Әбу Ханифа» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 

Аталған шараға «Шапағат» орталығының теолог мамандары Б.Жолдасов, С. Еншібай, Қ.Омарқұлова, психолог С.Нұрбекова, КМДБ-ның Атырау облысындағы өкілі «Иманғали» мешітінің бас имамы Б.Мансуров, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы қатысты.

Б.Жолдасов Ұлы Имам Ағзам Әбу-Ханифаның туып өскен елді мекені Куфа қаласының ахуалы, жағдайы турасында, сондай-ақ Әбу-Ханифаның өмірбаяны (видео) ғұлама ғалымдардың Ұлы Имам турасында айтқан пікірлері, ілім алған ұстаздарының тізбегі және Әбу–Ханифаның шәкірттерін түсіндірді.

«Шапағат» орталығының теологы Н.Жетпісбай Ұлы Имам Ағзам Әбу-Ханифаның жазған негізгі еңбектері (слайд арқылы) соның ішінде жомарттығы, зеректігі, үкім шығарудағы қабілеттілігі жайында қызықты деректерді баяндады.

«Шапағат» орталығының теологы С.Еншібай Ұлы Имам Ағзам Әбу-Ханифаның жазған негізгі еңбектері (Слайд) сондай-ақ ол кісінің хадис ғылымындағы орнын түсіндірді.

«Шапағат» орталығының әлеуметтанушы маманы Қ.Омарқұлова Ұлы Имам Ағзам Әбу-Ханифа мазҺабын ұстанушылардың әлем бойынша алатын орны және жергілікті Қазақстан халқының қаншалықты ұстанатындығы туралы түсіндірді.

ҚМДБ-ның Атырау облысындағы өкілі «Иманғали» мешітінің бас имамы Б.Мансуров Атырау облысындағы діни ахуалы жайында, теріс діни ағымдардың ықпалы мен адасушылық жайында түсіндірді.

Шара соңында сотталушы әйелдер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Атап айтқанда:

1. Жеті шелпек пісіру дінге қайшы емеспе?

2. Сотталушыларға намазға рұқсат беріле ме?

3. «Ғайып» сөзінің мағанасын түсіндіріп бересіз бе?

4. Мұсылман адамға қарғыс айтуға бола ма?

5. Бекет атаға сыйыну қаншалықты дұрыс?

Мамандар тарапынан толық жауаптар берілді.

 «Шапағат» ҚҚ баспасөз қызметшісі


Жоғарыға