maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Рухани жаңғыру – ұлттық ұлағат үлгісі

Рухани жаңғыру – ұлттық ұлағат үлгісі

Ағымдағы жылы қараша айының 16 күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындаАтырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚАЖ департаментіне қарасты  УГ 157/9 мекемесінде Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ұлттық ұлағат үлгісі» атты мұражай экспонаттарынан көшпелі көрмесі өтті.

 

Мақсаты:діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен сыр шертетін ежелгі құрал-саймандармен, кеңінен қолданыста болған ыдыс-аяқтардың жасалу жолдары мен қолдану тәсілдерімен ақпараттандыру, ұлт құндылықтары ұлықталған көрменің маңыздылығын түсіндіру, жат діни ағымдардан сақтандыру, экстремизмге қарсы күрестің негізгі жолы мен терроризмнің алдын алу.

                     Атаулы шараны 157/9 ерлер түзету мекемесінің бастығы әділет майоры

              Е.З.Даулетқалиев жазасын өтеушілерге шараны өткізудің бағыты мен мақсатын атап, қатысушы өкілдермен таныстырып өтті. Көрмеге Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы М.Қиқымбаев, «Шапағат» ҚҚ директоры М.Турлыбеков, теолог Б.Жолдасов, баспасөз қызметшісі Ж.Жұмағалиева  және т.б мамандары қатысты.

                     Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы М.Қиқымбаев өз кезегінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алдағы уақытта М.Өтемісов атындағы театр актерлерінің қойылымынан көрініс көрсету, Н.Жантөрин атындағы филармониясының фальклорлық аспаптық сахналық қойылымы, ұлттық спорт шаралары өткізілетіндігін атап өтті. Ол: Жаңғырудың маңыздылығы мемлекет пен ұлттың саналы түрде жаһандық үрдістерге бейімделуіне септігін тигізетіндігіне сенім білдіреміз. Елбасымыздың рухани жаңғыруының әрбір тармақтарының өзектілігіне мән бере отырып, алға басатын қадамымызды үш ойлап, бір басуымыз­ды ұмытпайық, - деп жазасын өтеушілерге сабырлылық тілеп, болашақта қателіктерге ұрынбау керектігін жеткізді.

       Көрмеде еліміздің өткен күндерінен сыр шертетін көне жәдігерлер, атап айтсақ тұрмыстық заттар, теріден жасалған бұйымдар, қазақы нақышта кестеленіп жасалған өнер туындылары мен ағаштан, аң терілерінен жасалған түрлі бұйымдар қойылды. Музей қызметкері Тілекқабылов Ерлан қазақ халқының салт-дәстүрлерінен сыр шертетін ежелгі құрал- саймандармен, кеңінен қолданыста болған ыдыс – аяқтардың жасалу жолдары мен қолдану тәсілдері, пайдалану дәуірлері жайлы кеңінен толық баяндама жасап, мол мағлұматтар берді. 

       Шара соңында «Шапағат» ҚҚ теологы Б.Жолдасов «Дін мен дәстүр егіз ұғым» тақырыбында уағыз жүргізді. Ол: Дін – діңгегіміз болса,  дәстүр оны толықтырып, көркейтіп тұрған әдет – ғұрыптарымыздың рухани бөлінбес бір бөлшегі болып есептелінеді. Ата бабамыздан келе жатқан асыл дініміз қазақ халқына жат емес. Ең алдымен ислам – ең әділетті дін екенін айтуымыз керек.  Әділет сөзі – ақиқатты жақтау, теңдікті ұстау, әр нәрсені өз орнына қою, түзету, дұрыстау деген мағыналарға келеді. Осы қағидалардың қоғамда берік тәртіп орнатуымызға ықпалы зор. Күштінің әлсізге әлімжеттігін тияды. Ал, әділдік – Жаратушы иеміздің көркем есімдерінің бірі. Қазақты исламға сенген ұлттық рух қана құтқара алады. Ал, ұлттық рух пен ұлттық болмыс дегеніміз не? Ол ана сүтімен кірген ана тіліміз, асыл дініміз, тарихымыз, ғасырлардан бері жасап келе жатқан әдет — ғұрпымыз. Қазақ қанша қиыншылық көрсе де тіл мен дінін жоғатпаған халық. Олай болса, Елбасымыз соңғы Жолдауында діни салаға айырықша тоқталып, «ХХ  ғасырдағы Қазақстандағы дін  тақырыбын көтергені өте көрегендік іс екенін көзі қарақты , саннасы сергек әрбір Қазақстандық білуі тиіс деп білемін, - деді.

       Ұлт құндылықтары ұлықталған салтанатты қөрмені мекемедегі 250-дей сотталған азаматтар асқан қызығушылықпен тамашалап, алғыстарын білдірді. 

       Ерлер түзету мекемесінде көрме алғаш рет өткізілгендіктен, бұл шара жазасын өтеушілер үшін мерекеге айналды.

«Шапағат» орталығы ҚҚ баспасөз қызметшісі


 

 

 

Жоғарыға