maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Экстремизмге қалай қарсы тұруға болады?

Экстремизмге қалай қарсы тұруға болады?

Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығының» тапсырысымен облыстық Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14 қараша күні «Туберкулез ауруының шамалы және бәсеңдеген түрімен ауыратын балаларға арналған №4 облыстық мектеп – интернат» мемлекеттік мекемесінде «Экстремизмге қалай қарсы тұруға болады?» тақырыбында кездесу өткізілді. Шараға «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының» теологы Уразов Амангелді, психолог Нүрбекова Салтанат, «Туберкулез ауруының шамалы және бәсеңдеген түрімен ауыратын балаларға арналған №4 облыстық мектеп – интернат» мемлекеттік мекемесінің директоры Аманғалиева Зоя және 50-ға жуық оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

 

Шара басында Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша түсірілген «Ұл»  қысқаметражды фильмі көрсетілді.

А.Уразов ислам дініндегі адасушы ағымдардың пайда болуына қысқаша тоқталып, еліміздегі дәстүрлі емес діни ағымдардан  сақтану жолдарын атап өтті.

Ал, психолог С.Нұрбекова өз тарапынан психологиялық тұрғыда алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

         Кездесу соңында оқушыларға сауалнама жүргізіліп, мекеме басшылығы өткізілген іс-шараға өздерінің алғысын білдірді.

 

                                                        «Шапағат» орталығының баспасөз қызметі


 

Жоғарыға