maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Ұлы Имам Әбу Ханифа

Ұлы Имам Әбу Ханифа

Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясы қарсаңында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен УГ-157/9 түзеу мекемесінде «Ұлы Имам Әбу Ханифа» тақырыбында ашық сабақ өтті.

 

Ашық сабаққа Атырау облысы дін істері басқармасы басшысы Қөшқалиев Қайролла Дүйсешұлы, Атырау облысының өкіл имамы, облыстық «Иманғали» мешітінің бас имамы – Мансұров Батыржан Берденұлы арнайы қатысып баяндама жасады. Ашық сабақ барысында  «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологтары – Бегалиев Еламан алғашқы болып сөз ашып, Имам Ағзам Әбу Ханифаның өмірі, Куфа қаласының білім ордасы, пайғамбарға табандай жиырма үш жыл қызмет жасаған ғалым сахаба Абдуллах ибн Масғуд сол жерде ұстаз және төрт мыңға жуық шәкірт дайындағаны, Куфада хадисшілердің, араб тілінің мамандары шоғырланғандығын және хадисте «Білім жұлдызда болса, соған парсылар қол жеткізеді» деп, Салман Альфарисиге және Әбу Ханифаға ишара бар деп, тыңдаушыларға жеткізді. Екінші боп баяндама жасаған, Жолдасов Бақытжан Әбу Ханифаның ұстаздарының тізбегі бесінші боп пайғамбарға тірелетінін, ұстазы Хаммад ибн Сулейменге  жиырма екі жыл шәкірт болғаны, оның тақуалығы, білімдегі алғырлығы, зеректілігі,  атақты төрт шәкірті, сонау бұлақтың басынан сусындағанын, Ханафи масхабының құрылуы, Әбу Ханифа турасында Имам Малик, Ашафиғи, Харун Аррашид, Замандастары әйгілі хадисші Абдуллах ибн Мубарак, Худайль ибн Иад сөздерін тұшымды турде келтірді.

Әбу Ханифа төрт мыңға жуық шәкірт дайындаған оның алтауы фатуа беруге құқылы, екеуі фатуа беруге және қазылық етуге құқылы болған. Мазхаб ерекшелігі жеке бір адам қөзқарасы емес, жан-жақты муштәхид шәкірттерімен келісіп, шешім шығарып құрылған – мектеп, жол екендігін айтты. Қазіргі таңда әлемде  бұл мазхабты ұстанушы алпыс пайыз мұсылмандар құрайды. Ашық сабақты кейін жалғастырған Еншібайұлы Серікжан Имам Ағзам Әбу Ханифаның тағылымды еңбектерін жеткізген шәкірттері Мухаммад Хасан Ашайбани, Абу Юсуф турасында және атап айтқанда Ақида саласындағы «Фиқһуль акбар», «Аль -Уасия» , шәкірттеріне және баласына арнап жазған «Арисала», «Әбу Ханифа тракттары» құнды кітаптарымен таныстырды және  бұл кітаптардың түп нұсқасы арнайы алып келіп көрсетілді. Ашық сабақта Ұлағатты ұстаз, ғалым Имам Әбу Ханифаның өмір тарихы жайлы деректі фильм көрсетілді. Атырау облысының өкіл имамы, облыстық «Иманғали» мешітінің бас имамы – Мансұров Батыржан Берденұлы мазхаб ұстанудың қажеттілігін , дұрыстығын айтып баяндама жасады.          

                Жиында қорытынды сөз алған Атырау облысы дін істері басқармасы басшысы Қошқалиев Қайролла Дүйсешұлы бүкіл өмірін Исламға арнаған Ұлы тұлға Әбу Ханифа егер ілім тізбегі бесінші адам болып пайғамбарға тірелетін болса, неге ермеске, сананы ояту керектігін, отансүйгіштік, жанұяны бағалау, әке- шешені құрметтеу керектігін айтты. Оларға керсінше амал жасау, бұл надандық, білімсіздік екенін түсіндірді. Ашық сабаққа діни экстремизм, терроризм баптары бойынша сотталушы 35 адам, және ҚР ҚК-нің басқа да баптары бойынша сотталған 106 адам, барлығы 141 қатынасты.

             Сотталушылар ашық сабақты жақсы қабылдап, мұқият тыңдады.

 

«Шапағат» орталығы ҚҚ баспасөз қызметі


 

 

 

Жоғарыға