maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Имандылық – мәдениеттің бастауы

Имандылық – мәдениеттің бастауы

 Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен облыстық Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың №3 арнаулы тіл мүкістігін түзету мектеп-интернатының акт залында «Имандылық – мәдениетінің бастауы» тақырыбында кездесу өтті. Шараға «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының өкілі Уразов Амангелді Қалдыбайұлы, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Қабижан Асылан Арғынұлы және №3 арнаулы тіл мүкістігін түзету мектеп интернатының 30-ға жуық тәрбиленушілері қатысты.

 

 Кездесу  барысында теолог А.Уразов қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.
Адам баласының тура жолдан адаспай, толық, кемел, ақыл-есі түзу азамат қатарына жетуі оның жас шағында алатын тәрбиесіне, ата-анасының мейірім көрсете алуына байланысты. Жасыратыны жоқ,  теріс ағымның жетегіне кетіп ата-анасынан теріс айналған жастардың саны басым екендігін білеміз. Олармен күресу, оңалту жұмыстарын өткізу біздің жұмысымыз. Бұрынғы өткен аталарымыз саяси жүйенің қысымына қарамастан қасиетті дінімізді қарашығындай қорғады. Ұрпаққа аманат етті. Өз парыздарын адал атқарды. Ұлы исламды құрмет тұту әркімге парыз.Халықты имандылыққа бастау, рухани құндылықтарды нығайту кім-кімге де аса ауыр жүктеме екені аян. Ендеше осындай қиындығы мен жауапкершілігі мол жолмен жүру, үнемі халықтың алдында болу дін өкілдері үшін үлкен міндет, әрі қастерлі парыз болғандығын атап өтті.

 

«Шапағат» орталығының баспасөз қызметі


 

Жоғарыға