maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Түркия президенті Астанаға келді

Түркия президенті Астанаға келді

Кеше жергілікті уақытпен сағат 17:00-де Түркия президенті мінген «TUR» ұшағы халықаралық Назарбаев әуежайына келіп қонды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды Ақордада салтанатты түрде қарсы алды. Екi елдiң мемлекеттiк әнұраны орындалғаннан кейiн қос президент ресми кездесу өткiзу бөлмесiне өттi.

 

Айта кетсек, Режеп Ердоған Астанада Ғылым және технология жөніндегі ислам ынтымақтастығы ұйымы саммитіне қатысады. Үш күндік сапар барысында Мьянмадағы дағдарыс мәселелері де талқыланады.

Қолда бар мәлімет бойынша 9-қыркүйек күні екі елдің Мемлекет басшылары Ақордада кездесіп, екіжақты келіссөздер жүргізеді. Ал 10-ы күні Президенттер Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысады.

Жоғарыға