maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Биыл 300-ге жуық қазақстандық радикалдық ағымнан дәстүрлі дінге қайтты

Биыл 300-ге жуық қазақстандық радикалдық ағымнан дәстүрлі дінге қайтты

Биыл құрамы қайта жасақталған ақпараттық-түсіндіру топ жұмыстарының нәтижесінде 300-ге жуық қазақстандық радикалдық ағымнан дәстүрлі дінге қайтты.

 

Дін істері және азаматтық қоғам министрі келешекте бұдан да көп адамды дұрыс жолға бағдарлау мүмкін болатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Бұл жұмыс күшейтілуі керек. Аталған көрсеткіштер көңіл көншітерлік емес», – деді Н. Ермекбаев. ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы баспасөз конференциясында министр «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылданатын болжамды күнін хабарлады.

 Заң жобасын желтоқсан айында депутаттардың қолдауымен қабылдау үшін, ҚР Парламентіне 2017 жылғы қарашада ұсыну көзделіп отыр. Сондай-ақ, ол заң жобасына түзетулерді әзірлеу кезінде шамамен 50 елдің тәжірибесі ескерілгенін мәлімдеді. «Әр мемлекеттің өз ерекшелігі бар. Біз бұған дейін айтып өткендей,

Қазақстанға ешбір мемлекеттің тәжірибесін қайталаудың қажеті жоқ. Себебі біздегі жағдай бірегей – біздің өз дәстүрлеріміз, тарихымыз бар. Сондықтан да біз шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастың өзімізге тән жеке үлгісін қалыптастырамыз», – деп сөзін түйіндеді Н.Ермекбаев.

Жоғарыға