maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Жазасын өтеуші әйелдер байқауда бақ сынады

Жазасын өтеуші әйелдер байқауда бақ сынады

        Бүгінде түрлі қылмысқа қолы барып, темір тордың арғы жағынан бір  шығатын әйелдердің саны көбеюде. Қоғамда нәзік жандылардың тағдыр тәлкегіне түскенін ешкім де қаламас еді. Бірі жаза басса, кейбірі әдейі қылмысқа барғандар соңында тиісті жазасын алып  жатыр.

         Қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатқан нәзікжандыларға діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, жат діни ағымдардан сақтандыру, азаматшаларды Отан сүйгіштікке және патриоттыққа баулу мақсатында Тәуелсіз еліміздің құндылықтарын кеңінен түсіндіру, экстремизмге қарсы күрестің негізгі жолы мен терроризмнің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен УГ-157/11 түзеу мекемесінде «Туған  елім -Қазақстаным» атты шара өтті.

         Шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығының басшысы М.Құбышев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ҚҚ-ның директоры М.Турлыбеков, теолог М.Құлсымақов, баспасөз қызметшісі Ж.Жұмағалиева, дінтанушы Н.Жетпісбай, психолог маман С.Нурбекова қатысты.

         Аталмыш шараны Құбышев Мейірбек Ғайнеденұлы ашып, байқаудың ережесімен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

         Жалпы байқау 2 кезеңнен тұрды:

1 кезең Жеке қатысушылар арасындағы сайыс (Мәнерлеп оқу, өздері шығарған өлеңдерін оқу, мақал-мәтелдің жалғасын табу);

2 кезең Жасақ бойынша құрылған топтық сайыс (Логикалық сұрақтарға жауап, Суретте көрсетілген мақалды табу, мақал мәтелдің жалғасын табу)  

1,2,3,4,5 жасақтан құралған «Мәдениет», «Әділет», «Руханият», «Шұғыла», «Парасат» тобының мүшелері  өнерін көрсетіп, білімін шыңдап, өздерінің қолдан жасаған қолөнер бұйымдарын әділ қазылар назарына ұсынды. Шара барысында қатаң тәртіпке бағынып жүрген арулар осылайша өзара сынға түсіп, өнерден кем еместіктерін аңғартты. Көпшіліктің көңілін бір марқайтып тастаған жазасын өтеушілердің көздерінен қуаныш сезімі байқалып, ұйымдастырылған шарада өздерінше қуаныш бөлеген секілді күй тартты.

        Жеке қатысушылар арасындағы сайыс барысында сотталушылар өздері шығарған «Туған жер, Отаным, «Қазақстан», «Астанам», т.б. патриоттық өлеңдерімен бақ сынаған болатын. Әр өлең жолдарында өкініш, сағыныш сезімі байқалды. Тағдырдың тәлкегіне түсіп, бас бостандығынан айырылған әйелдердің жағдайымен танысқан біз қазіргі уақытта еліміздің қылмыстық атқару жүйесі түрлі қылмыс жасап, жазасын өтеуші әйелдерді түзету жолында заң талаптарына сәйкес, барлық жағдайды жасап отырғанына көз жеткіздік. Сонда да бұрын отбасының, бала-шағасының қасында алаңсыз жүрген әйелдердің «темір торға» түскендегі күйін сезінбеу мүмкін емес. Кейбіреуі өнерін қуанышпен жеткізсе, біреулер көзіне жас алып отбасына деген сағынышын өлең жолдарымен жеткізді.

Бұл орайда көңілге қаяу түсірген сәттерде сөз кезегін «Шапағат» орталығы ҚҚ-ның теологы М.Құлсымақов «Туған жер, Отан» туралы уағыз айтып, қатысушылардың сауалдарына түщымды жауабын берді.

         Шара нәтижесінде бірінші кезең бойынша жүлделі I орынды Адилова Гүлжазира, II орынды Ярова Құралай, III орынды «Экстремизм» бабы бойынша сотталушы Кажгалиева Үміт иеленді.

        Сондай-ақ, екінші кезең бойынша бақ сынаған топтардың ішінде I орынды 1 жасақ тобы «Мәдениет», II орынды  3 жасақ тобы «Руханият», III орынды 2-жасақ тобы «Әділет» командасы жеңімпаз атанды.

        Жиын соңында «Шапағат» орталығы ҚҚ-ның баспасөз қызметшісі Ж.Жұмағалиева жазасын өтеушілерге жүрек жарды тілегін айтып, олардың алдағы өмірде адаспауға, дұрыс жол таңдай білуге, қамшының сабында қысқа өмірде тезірек өзінің бала-шағасына оралып тәлім-тәрбие беруге асығыңдар деп, жүректерінен имандылық, патриоттық сезімдерін өшірмеуге шақырып,  мекеме атынан «Күй атасы –домбыра» демекші УГ157/11 түзеу мекемесіне қазақтың домбырасын сыйға тарту етті.

        Ал, бүгінгі шара олардың жігерін шыңдап, қоғамдық өмірге бейімделуіне оң ықпал етпек деген сенімдеміз.

 

 «Шапағат» орталығы ҚҚ-ның баспасөз қызметі


 

 

 

 

 

Жоғарыға