maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Атырау өңіріне сапармен келген теолог-исламтанушы Е.Көкірекбаевтың игі істері

Атырау өңіріне сапармен келген теолог-исламтанушы Е.Көкірекбаевтың игі істері

Дін тақырыбы бүгінде облысымызда күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Осы бағытта діни ахуалды тұрақтандыру, экстремизм мен радикализм идеяларының алдын - алу жолында, дәстүрлі діни құндылықтарды толыққанды әpi кең ауқымда насихаттау мақсатында атқарылып жатырған жұмыстар  аз емес. Бұл орайда білікті діни мамандардың маңызы өте зор.

 

Өткен аптада Алматы қаласы, «Қарағайлы» мешітінің Бас имамы теолог-исламтанушыЕрмек Көкірекбаев облысқа арнайы шақыртылып, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруыменөткенбірқатар  іс-шараларға қатысты.

Теолог-исламтанушы Е.Көкірекбаевтың алғашқы сапары Дамбы селосы, Амангелді ауылдық клубында ауыл тұрғындары, жастарымен кездесуінен бсталды. Онда дін мен мемлекеттің арақатынасын, зайырлылық принцптерін, адамгершілік мәселелерді насихаттай отырып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауап берді.

 Іс-сапар бұдан әрі Құрманғазы, Жылыой және Мақат аудандарында жалғасын тапты. Аудан  тұрғындары, білім беру мекемелері, құқық қорғау органдары, кәсіпорын мекемелері, діни бірлестіктер қызметкерлерімен кездесіп, дәстүрлі, асыл дініміздің құндылықтарын жайлы әңгімелеп берді.

Сондай-ақ, Атырау қласы «Жолаушылар тасымалдау бөлімі» мекемесінде «Отбасы – отанымыздың ошағы» атты кездесуге қызметкерлермен ашық пікіралмасуға қатысты. Жиын барысында ұлттық құндылықтарды насихаттап, дәстүрлі діннің маңыздылығына тоқталды.

Жоспарға сәйкес, Атырау қайырымдылық мекемесінің филиалы мен Қыз балаларға арналған «Ақжайық» қайырымдылық мекемесінде, Ер балаларға арналған «Атырау қайырымдылық мекемесінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңы талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізумен жалғасты.

Одан соң  «KazTranskom» АҚ-ы мекемесінің қызметкерлерімен «Діни экстремизм және терроризм: ұғымы, шығу негіздері мен көріністері» атты кездесуге қатысып, әлемде болып жатқан террорлық әрекеттер мен Исламның ешқандай байланысы жоқтығын, Ислам діні – жер бетінде тек бейбітшілік пен тыныштықты көздеп, насихаттайтындығын жеткізді.

Жасақталған жоспар бойынша іс-сапары барысында екі рет «Дина» сауда орталығының жамағаттарына «Ханафи фиқхын, матруди сенім мектебінің негізгі критерилерін түсіндіру» мақсатында уағыз-насихат жүргізіп, базарға келушілер мен тұрақты жамағаттардың көкейіндегі сауалдарына тұшымды жауаптарын берді.

Кейін Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясы қарсаңында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен ҚАЖ департаментіне қарасты УГ 157/9 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандардың арасында «Салауатты өмір салты денсаулық кепілі» атты спорттық шарасына қатысып, «Мәзхаб – бірлік кепілі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, жазасын өтеушілерге түсінік жұмыстарын өткізді.

Халықтың ұлттық дәстүрлері мен діни ұстанымдарын ескере отырып, отбасылық қоғамдағы рөлін насихаттау,діни сауаттылықты арттыру, жат діни ағымдардан сақтандыру мақсатында «Ифтар» дәмханасында өткен ерлер жамағатының қатысуымен өткен дастарханда «Ислам дінінің Қазақ еліне келу тарихы» тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, қойылған сауалдарға тиісті жауаптарын берумен қатар ашып пікір алмасуға қатысты.

Бұл  шаралардан бөлек Ханафи фиқхын, Матруди сенім мектебінің негізгі критерилерін түсіндіру мақсатында қалалық және Құрманғазы, Жылыой және Мақат аудандық мешіттерінде болып, жамағатпен кездессе, орталық «Иманғали» мешіті, «Әт Тақуа» мешіті,  «Атырау селолық мұсылмандар мешіті,  «Мәулімберген» мешіті, «Қ.Мұңайтпасов» мешітің жамағаттарынаақшам мен құптан аралығы "Ханафи фиқхын, матруди сенім мектебінің негізгі критерилерін түсіндіру" тақырыбында дәріс жүргізді. Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/9 ерлер түзету мекемесі мен УГ-157/1 тергеу изоляторы, УГ-157/11 әйелдер түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесіп, діни-идеологиялық мазмұнда уағыз-насихат айтып, діни мәселеге қатысты өрбіген сауалдарға толыққанды жауап берді.

Сондай-ақ, дін маманы «Қазақстан Атырау» облыстық телеарнасының тікелей эфиріне шығатын «Иман нұры» діни танымдық телебағдарламасында «Қоғамды тәрбиелеудегі ислам құндылықтарының рөлі» атты сұхбатын беріп, салиқалы әңгімесімен бөлісті.

Осылайша, өңірімізге келіп, бірқатар шараларға ат салысқаны үшін теолог-исламтанушы Е.Көкірекбаевқа «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры басшылығының атынан алғыс айтылып, жұмысына сәттілік тіледі.

 

«Шапағат» орталығы ҚҚ-ның баспасөз қызметі


Жоғарыға