maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Биылғы қажылыққа аттанатындарға дастархан жайылды

Биылғы қажылыққа аттанатындарға дастархан жайылды

        Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні «Иманғали» орталық мешітінде қажылыққа баратын жамағатпен бір дастархан басында бас қосылды. Оған мешіттің бас имамы Б.Мансуров, мешіт қызметкерлері, «Шапағат» қоғамдық қорынан теолог С.Еншібайұлы, Ақпараттық талдау орталығынан Е.Абзалов қатысты.
        Бас қосу мақсаты жамағатқа қажылық шарттарын үйрету, келеңсіз жағдайлардың алдын алу және көкейде жүрген сұрақтарына жауап беру.


        Дастархан басында бас имам өзінің жылы лебізін білдіріп, жолаушыларға сәт сапар тіледі. Шапағат орталағының теологы С.Еншібайұлы болса жамағатты келеңсіз жағдайларға тап болмау үшін алдын алу шараларын түсіндірді. Жамағат арасынан өздерінің сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды. Ақсақалдар ұйымдастырушыларға рахметін айтып, батасын берді. Бас қосуға 40-қа жуық адамдар жиналды.



«Шапағат» орталығы ҚҚ-ның баспасөз қызметі

 

 

 

 

Жоғарыға