maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ 157/11 әйелдер түзету мекемесінде өткізілген кездесудің ақпараты

Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ 157/11 әйелдер түзету мекемесінде өткізілген кездесудің ақпараты

         Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен облыстық Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың  16 тамызында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/11 әйелдер түзету мекемесінің қызметкерлеріне «Жастар және Дін. Қоғамдағы діни өзекті сауалдар мен мәселелер» тақырыбында кездесу өткізілді.

 

            Аталған шараға Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Абзалов Ернар Абзалұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Уразов Амангелді Қалдыбайұлы қатысты.

            Кездесуде теолог А.Уразов Ақпараттық-түсіндіру топтарының мақсаты мен маңызын айтып, қазіргі таңда жастардың сауаты төмен деңгейде екендігін сөз етті. Жастарымыздың теріс бағытқа оңай енуі көп жағдайда ата-ана тарапынан қадағалаудың аздығынан болып жатқандығын айтты. Балалардың теріс діни бағытқа кетуінің алдын алу үшін әрбір ата-ананың діни сауаты жоғары болу керектігі жеткізілді. Бұнымен қоса, қазіргі таңда еліміздегі деструктивті діни ағым өкілдері, уаһабилік-сәләфилік ағымның шығу тарихы, оның түрлері мен ерекшеліктері, сәләфилерден бөлініп шыққан мадхалиттер, суруриттер, тәкфіршілер және хаддадия туралы түсінік беріп, олардың радикалдану кезеңдері жөнінде жан-жақты түсінік берді.

Маман Е.Абзалов қоғамдағы әрбір деструктивті діни ағым мүшелерінің бес сипаты болатындығын айтып берді. Сонымен қатар, Сирия еліне аттанып жатқан қазақстандықтардың және Ақтөбеде осыдан 1 жыл бұрын жарылыс ұйымдастырған жас жігіттердің діни ұстанымдары турасында баяндап берді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде тарап жатқан діни ақпараттардың дұрыс-бұрысын анықтау, кез-келген діни мәліметтерді таратпау жайлы сөз қөзғады. Сөз соңында, дәстүрлі ханафи мазхабы және деструктивті діни ағым өкілдерінің намаз оқу үлгісі және дәстүрлі бағыттағы уағызшылар баяндалды.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылып, сауалнама жүргізілді. Шараға 30 қызметкер қатысты.

Жоғарыға