maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Тарихқа тағзым

Тарихқа тағзым

         Деструктивті діни көзқарастағы әйел жамағатымен, соның ішінде террористік және экстремистік баптар бойынша сотталғандардың әйелдері және балаларына профилактикалық және оңалту шараларын өткізу аясында, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ағымдағы жылдың 17 тамыз күні Орта ғасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығының тарихын таныстыру шарасы өтті.

 

        Атаулы шараға терроризм бабы бойынша сотталған азаматтардың жұбайлары және балаларын қоса алғанда барлығы 50 адам қатысты.

        Жиынға облыстық Дін істері басқармасының басшысы Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы, облыс прокурорының көмекшісі Құтқожа Ерлан Парасатұлы және бөлім аға прокуроры Бахытов Ерлан Бахытұлы, «Шапағат» орталығының теолог, психолог мамандары мен қызметкерлері, Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығының» маманы Е.Абзалов қатысып, шараны өткізудегі мақсаты мен бағытына тоқталып, түсінік жұмыстарын  жүргізді.

          Атырау облыстық өлкетану мұражайының экскурсовод мамандары жалпы Ақтөбе-Лаэтти ескі қалашығының зерттеу жұмыстары туралы мәліметтер беріп, ол жерде қыш ыдыстар, моншақтар, жазуы сақталмаған мыс тиындар табылғандығын, бұл біздің бабаларымыздың тарихы екендігін ескеріп өтті. Бізде номадтардың, сарматтардың өркениетін тек көшпенділікпен ғана байланыстыратын түсінік бар. Ал шын мәнінде олар отырықшы болған, онда қолөнер өте жоғары деңгейде дамыған, Оны Ақтөбе-Лаэтти орнынан табылған көне жәдігерлер дәлелдеп отыр, -деп экскурсовод табылған ескі көне заттарды балаларға және оның ата-аналарына таныстырды. 

           Қалашық арнайы қоршауға алынып, болашақта Ақтөбе-Лаэтти ортағасырлық қаласы орнынан аспан асты музей қорығы тұрғызылады деген болжам бар дейді мамандар. Алайда бұл көне қазба жұмыстарының нәтижесіне ғана байланысты екендігін ескерген жөн.

           Жиын соңында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев қызығушылық танытқан ата-аналардың көкейкесті сауалдарына тиісті жауабын беріп, ашық пікір алмасуға, тарихқа тағзым етуге бірауызбен шақырды. Қатысушылар 58 адам.

 

«Шапағат» орталығы ҚҚ-ның баспасөз қызметі


Жоғарыға