maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Отбасы – отанымыздың ошағы

Отбасы – отанымыздың ошағы

           Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығының» тапсырысы бойынша Облыстық Ақпараттық түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 тамыз күні «Атырау Халықаралық» АҚ-ның қызметкерлеріне «Отбасы – отанымыздың ошағы» тақырыбында кездесу өткізілді. Шараға Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығының» маманы Абзалов Ернар Абзалұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Уразов Амангелді Қалдыбайұлы, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы зейнеткер Дүйсекенов Сейтжан Қисанұлы және 25 қызметкер қатысты.

Жиынды «Шапағат» орталығының өкілі А.Уразов ашып, кездесуді өткізудің  мақсаты мен бағытына тоқталып, тақырып аясында түсіндірме жұмыстарын өткізді. Ол: Отбасы құндылығы мен бала тәрбиесі тікелей ата-анаға қатысты екендігін атап өтті. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу деңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емеc, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз екендігін ескерді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына тоқталып, діни ахуалдың негізгі даму үрдістері мен діни ахуалдың дамуына жаһанданудың әсері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

         Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы зейнеткер С.Дүйсекенов  ата-ананың тәрбиесіне аса зор мән берілу керектігін ашып айтты. Жастардың теріс ағымға түсуі, отбасынан гөрі сырттағы достары мен араласып жүрген адамдарға сенім артатыны ол ата-ананың балаға деген уақыт бөлмеуінен орын алатынын айтты. Үнемі ата-ананың балаға қараусыз қалған салдары не адасуға не бұзақылыққа әкелетінін баршамыз білеміз.Білгенімен мәселені жұдырықпен қолға алмай күнделікті жұмысқа көп көңіл бөлетініміз рас. Осы орайда еліміздің бейбітшілігі мен тынштығын сақтап, болашағымыз жарқын болсын десек, ұрпағымыз саналы болсын десек тәрбие тал бесіктен демекші балаға көп көңіл бөлейік, - деп сөзін қорытындылады.

        Жиынды қорытындылаған Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығының» маманы Е.Абзалов діни тұрғыда отбасы тақырыбында баяндама жасап, облыстық Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығының» арнайы дайындалған «Террористік сипатта жалған ақпарат таратушылар жазасыз қалмайды» бүктемесін қатысушыларға таратты.Кездесу соңында қызметкерлер қажетті сұрақтарына тиісті жауаптарын алып, ашық пікір алмасты.

«Шапағат» орталығ ҚҚ-ның баспасөз қызметі.


Жоғарыға