maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Ислам шариғатына қатысты жарлық шығарған - Жәңгір xан

Бөкей ханның ұлы Жәңгір ханның ислам шариғатын берік ұстанғандығын айғақтайтын мәліметтер бар. Мысалы, «…1835 жылы Жәңгір ханның тікелей нұсқауы бойынша мұсылман мешіті ашылды. Хан қазақ ауылдарындағы молдалардың санын арттырды. Олар хатшылық және рухани ұстаз міндеттерін қоса атқарды. Хан Аллаға қалай құлшылық етудің үлгісін өзі бас болып үйретті.

Толығырақ ...

Дарвин адамның “маймылдан жаралғанына” әлемді қалай сендірді?

1871 жылы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” атты еңбек жазып, «Адам жануарлар әлемінің эволюциялық дамуы нәтижесінде пайда болды...» деп әлем назарын өзіне аударды. Онда ғалым адамның шығу тегін маймылмен байланыстырады. ХХ ғасырда бұл идея Құдайды жоққа шығарған коммунистік елдерде, соның ішінде Кеңес үкіметінде үлкен қолдауға ие болды. Дарвин ілімі мектептерде ғана оқылып қоймай, жалпы халық арасында кең көлемде насихатталды. Тіпті адамның бассүйегі мен маймылдың жақ сүйегін қолдан біріктіріп, Дарвин ілімінің дәлелі ретінде көрсеткісі кеп, өтірік жаңалық ашқан ғалымдар болды.

Толығырақ ...

Қазақтың әйгілі 5 қажысы

Қажылық - мұсылман бес парызының соңғысы. Қазақ жеріне Ислам дінінің келуі Қарахан дәуірінен басталды десек, қажылық туралы деректер XVIII ғасырдың екінші жартысынан бертін сақтала бастаған. Сол замандағы қазақ ислам тарихында аты қалған әйгілі қажылардан кімдерді білеміз? Олар қажылық сапарын қалай атқарды?

Толығырақ ...

Бұқар жыраудың термесіндегі діни толғамдар

Қазақтың жыраулары мен шешендерінің жыр-термелерінде өмірге деген көзқарас, адалдық пен имандылық жеріне жете жырланады. Шешендер өз сөздерін мәнерлеп, тың ойлармен байытып, дәстүрмен және дәстүрлі исламмен байланыстыра жеткізген. Оны жыраулардың төгілген терме-толғауларынан байқай аламыз.

Толығырақ ...

ҒҰЛАМАНЫҢ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЫ

Биыл ғұлама ғалым, түркітанушы әрі дін қайраткері Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда ислам дінің жайылуына Халифа Алтай атамыздың еңбегі зор болды. Ең берісі сол жылдары діни кітаптармен қатар қасиетті Құран кәрімді қазақша мағынасымен түсіндірмесін мыңдаған дана шығарып елге тегін таратты.

Толығырақ ...

Абайдың христиан миссионеріне жауабы

Сәдуақас қажы Ғылманиды «Құран туралы өтіріктер мен жалаларға қарсы» кітабын төтешеден қазіргі қазақ харпіне аудару барысында бірқатар мәліметтерге ие болдым. Соның бірі Абай хакімнің христиан миссионеріне жауабы.

Толығырақ ...

Әбу Насыр Әл-Фарабидің еуропа ғылымына ықпалы

Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Толығырақ ...

Адамзат тарихында әйел мәртебесін асқақтатқан асыл тұлға

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниедегі жыбырлаған тірі жәндікке жәрдем берсең, сауап алатынын айтып өткен. (Бұхари, Ширб, 9) Ол сол сөзіне сай Аллаһтың жаратқан мақлұқтарына қызмет көрсеткен. Аллаһтың жансыз-жанды барлық жаратылысына жәрдем бергендіктен, оның өз жанұясына жәрдем беретіндігі айтпаса да түсінікті. Ол жанұясына ерекше мейірім-шапағатпен қарайтын болған.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу