maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Діни неке құру реттеледі. Балғабек МЫРЗАЕВ

Эксклюзив

 Хиджаб, никаб, паранжа және қаба сақал. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы кейбір заңнамаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының азаматтық қоғам тарапынан талқылауға түсуі өз алдына, мүдделі топтардың кей баптарды бұрмалап, ел арасында дүрбелең туғызып жатқаны да жасырын емес. Осыған орай, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басқарма басшысы, дінтанушы, теология ғылымының докторы Балғабек Мырзаевтан заң жобасына қатысты бірқатар мәселелердің түйінін тарқатуды сұрадық.

 

Балғабек МЫРЗАЕВ,

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басқарма басшысы, дінтанушы, теология ғылымының докторы:

Діни неке құру реттеледі

- Әңгімені бастамас бұрын, «заң жобасында сақалдан немесе паранжадан гөрі бірнеше маңызды және салмақты дүниелер бар» дедіңіз. Ендеше, заң жобасының нендей маңызды тұстарын атап өтер едіңіз?

- Заңнама ең алдымен азаматтардың құқықтарын сақтауға кепіл болуды көздейді және дінді экстремистік, радикалдық әрекеттердің қолжаулығы ретінде пайдалануды шектеуді көздейді. Ашығын айтқанда, заң жобасында сақал мен паранжадан гөрі салмақты дүниелер бар. «Діни радикализм», «деструктивтік идеологиялық ағым», «деструктивтік діни ағым» сынды бірқатар терминдерге бірінші рет нақты анықтама беріліп отыр.

- Десе де, әсіресе, әлеуметтік желілерде вакцинация, яғни екпеге қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер тарай бастады.

- Алдымен мынаны түсініп алу керек. Екпе мәселесі Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің емес, Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіндегі дүние. Қазіргі таңда балаларға міндетті екпе егу мәселесін Денсаулық сақтау саласының мамандары және жергілікті атқарушы органдар өзара зерттеп жатыр. Рас, екпеден бас тарту әсіресе, соңғы жылдары өзекті мәселеге айналып кетті.  Салдарынан жұқпалы ауруларға қарсы иммунитеті жоқ адамдардың саны артып келеді. Олар мүгедек болып қалуы мүмкін, өлімге әкеліп соқтыратын жағдайлар да бар. Мыңдаған адам, соның ішінде балалар арасында ауруы асқынып жатқан жағдайлар да тіркелуде. Осы мәселелерді сараптай келе біз Денсаулық сақтау министрлігіне бұл мәселені мұқият зерттеп, вакциналардың сапасын, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін жан-жақты зерттеуді ұсындық. Түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Яғни, екпе алуды міндеттеу туралы мәселе талқылану кезеңінде.

- Кей пысықайлар «заң жобасында орамал тағуға да тыйым салынуы мүмкін» деген ақпаратты да алға тартып жүр... Жалпы, қоғамдық орындардағы діни атрибуттағы киім мәселесі қалай шешіледі?

- Бұл жерде мәселе әйелдердің никаб, чадра, балаклава, бетперде сынды киімдерінің жеке басты идентификациялау мен тануға кедергі келтіруінен туындап отыр. Оның салдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиімділігін төмендетеді. Осыған байланысты, құқық қорғау органдарының аталған киім түрлеріне тыйым салып отырғаны рас. Түрлі қауасеттің тарауына осы жағдай себеп болды деп ойлаймын. Шындығында министрлік қазақы орамалға еш қарсы емес. Оның үстіне, Конституциямыздың өзі барлық діннің теңдігіне кепілдік береді. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мырза да талқыдағы заң жобасында орамал тағу немесе хиджаб кию туралы мәселенің мүлдем қарастырылмағанын, діндарлардың киіміне еш қарсылығы жоқ екендігін бірнеше мәрте мәлімдеді.

Ал, бірыңғай мектеп формасын сақтау – зайырлы мемлекет талабы десек те болады.

- Заң жобасында діни неке құруды реттеу мәселесінің де қарастырылып жатқанынан хабардармыз...

- Ашығын айтайық, заңға сәйкес мемлекеттік органдарда тіркелген неке ғана мойындалады. Туған баланы, неке қидырғандарды, қайтыс болғандарды мемлекеттік органдар тіркейді. Демек, діни рәсімдер мемлекеттік тіркеуді толықтыра алғанымен, оны алмастыра алмайтынын да түсінуіміз керек. Бұл жерде діни тұрғыда неке қиюға, бата беруге тыйым салу деген мәселе жоқ. Жұбайларға бірінші кезекте ресми тіркеуден өту талабы қойылғалы отыр.  Әйтпесе, жат ағымда жүрген «ахи», яғни, «ағалардың» қызды қолдан қолға ауыстырып отырғаны туралы мәліметтер жетіп артылады.  Сондықтан, енгізіліп отырған бұл түзету бірінші кезекте әйелдер мен балаларды қорғауға арналған. Және де бұл норма Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ресми ұстаныма қайшы келмейді.

 

Сұхбаттасқан: Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

 

Тақырыпқа тұздық

Қазақтың әйелі еш уақытта бетін бүркемеген

«Біздің қазақтың қыздары, жалпы әйел азаматтары еш уақытта бетін бүркемеген. Қыздарымыз бұрым жіберіп, шолпыларын сыңғырлатып жүретін. Біздің аналарымыз батыр болған. Ерлерінің жанында жүріп соғысқан, қолына найза алған. Сондықтан, сонша ғасырлық тарихымызды алып келіп, бүгін басқаша жолға түсеміз бе? Шалдардың шолтитып шалбар кигендерін қайдан көрдіңіздер? Сақалын беліне түсіріп жүру мұсылмандықтың кәдесі емес қой. Қай Құранда жазылған? Бұл салтымызды бұзады. Мұнда тұрған қандай ерекшелік бар? Оған кім қызығады? Сондықтан, ол біздікі емес. Мен бұл туралы бір рет айттым. Мен айтқаннан кейін орындататын адаммын. Сондықтан жастарға осылардан аулақ болыңдар деймін».

(Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық және шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатынан)

 

 

Толығырақ ...

Исламтанудың қазақстандық мектебінің ғылыми негізін құру қажет - Ермекбаев

Исламтанудың қазақстандық мектебінің ғылыми негізін құру қажет. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Толығырақ ...

Елбасы бітімгер болу сырын түсіндірді

Бүгін Тараздағы Достық үйінде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бітімгер болу сырын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Неліктен бітімгермін, мені неліктен шақырады?

Толығырақ ...

3 мың діни сайттың тең жартысы заңға қайшы ақпарат таратқан – Дін істері министрі

Бүгiн Мәжiлiс үйiндегi Үкiмет сағатында елiмiздегi дiни ахуал талқыланып жатыр. ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Нұрлан Ермекбаев 2017 жылы министрлiк мамандары 3 мыңға жуық сайтты талдағанын, олардың шамамен 1500-i заңсыз, терiс бағыттағы ақпараттар жариялаумен айналысқанын айтты.

Толығырақ ...

Жыл сайын 30 мың бала күмәндi дiни ұйымдарда бiлiм алады – Мәулен Әшiмбаев

Бүгiн Мәжiлiс үйiндегi Үкiмет сағатында елiмiздегi дiни ахуал талқыланып жатыр. Мәжiлiс депутаты, Халықаралық iстер, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң басшысы Мәулен Әшiмбаев балаларды күмәндi дiни ұйымдарға тартқаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту керектiгiн айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Толығырақ ...

Талдықорған өңірінде 2 мешіт ашылды

Талдықорған өңіріне қарасты Сарқан ауданында қасиетті жұма күні 2 мешіт бір күнде халық игілігіне берілді. Атап айтсақ, Сарқан аудандық орталық мешіті мен Бірлік ауылындағы көк күмбезі көкке таласқан мешіттер.

Толығырақ ...

Гиннесс рекордтар кітабына енген мұсылман қыз

Шамма Бинт Сухайл Фарис Әл Мазруи, БАӘ жастар ісі жөнінен министрі, Гиннесс рекордтар кітабына әлемдегі ең жас министр ретінде енгізілген. 22 жасар министрлер кабинетінің өкілі осы қызметке 2016 жылдың ақпан айында тағайындалған, деп жазады muftyat.kz.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу