maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Айнұр ӘБДІРӘСІЛҚЫЗЫ: Пайғамбар тағылымын қазақтан артық түсінген халық жоқ секілді

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызымен сұхбат

− Айнұр Әбдірәсілқызы, 21 сәуірде Алматы қаласында өткен «Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» атты республикалық конференцияға қатысып қайтқаныңыздан хабардар болып отырмыз. Әңгімені дәстүрлі сауалдан бастасақ: Бұл шара несімен ерешеленді?

Толығырақ ...

Ершат ОҢҒАРОВ: Бейіт салу бейнетке айналмауы тиіс

Ислам шариғаты – мұсылман қауымы үшін бұлжымас қос дүниелік қағидаттар жүйесі. Дүние есігін ашқан сәбиге азан шақырып ат қойып, сүндетке отырғызу, шілдеханасын жасап, ұлын ұятты, қызын ибалы етіп тәрбиелеу, ақ некесін қиып, бата-тілегін беру – баршасы дәстүрмен сабақтасқан діни жоралғылар. Дәм-тұзы таусылып, бақилық болған жанды шариғат көрсеткен шарттарға сай арулап, жерлеу – осы сынды салмағы мен маңызы үлкен міндет. Алайда, еліміздің әр өңірінде жаназа рәсімі әрқилы атқарылады. Осыған байланысты кей кезде пікірқайшылығы да туындап, келіспеушіліктер көрініс береді. ҚМДБ жанынан құрылған Ғұламалар кеңесі мәселенің ортақ түйінін шығару үшін «Жаназа және жерлеу рәсімдері» пәтуалар жинағын жариялады. Ғұламалар кеңесінің хатшысы, теолог, PhD докторы Ершат Оңғаров мұсылмандық бойынша жерлеу, жаназа рәсімдеріне қатысты маңызды сауалдарға жауап берді.

Толығырақ ...

Балғабек МЫРЗАЕВ: Дәстүрлі емес дін өкілдері некені ойыншыққа айналдырды

«Мұсылмандық кімде жоқ, тілде бар да, ділде жоқ» деген ілгергі замандағы баба сөзінің бүгінгі күнде де өзектілігі өшпей келеді. Ислам діні қазақ халқының қазыналы тарихымен тамырлас болса да, қазір дін «пәлсапасын» соғып, өздігімен «пәтуа» бергіштер қарасы азаяр емес. Неке мен талақ мәселесі осындай күн тәртібіне шықты. Шариғи тұрғыдағы некенің мән-маңызы мен ел заңнамаларындағы талап-шарттары туралы белгілі исламтанушы, теология ғылымының докторы Балғабек Мырзаев әңгімелейді.

Толығырақ ...

Түркия президенті Астанаға келді

Кеше жергілікті уақытпен сағат 17:00-де Түркия президенті мінген «TUR» ұшағы халықаралық Назарбаев әуежайына келіп қонды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды Ақордада салтанатты түрде қарсы алды. Екi елдiң мемлекеттiк әнұраны орындалғаннан кейiн қос президент ресми кездесу өткiзу бөлмесiне өттi.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу