maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеті - адамзаттық тәрбие мектебі

Сүннет сөзінің мағынасы түсіндірме сөздіктерде "қандай да бiр жол, не жақсы, не жаман жол болсын, жүрiлетiн жол" деген түсіндірмемен келедi. Алайда Ислам дінінің келуімен байланысты сөз ұғымындағы "жаман жол" мағынасы пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетіне қатысты қолданылмайтын болды. Дәлірек айтқанда, ол мағынасын жойды. Оның басты себебі пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетінің мін, кемі жоқ Құранға негізделу сипатымен байланысты. Сондай-ақ, Ислам діні келгенге дейін сүннет сөзі "ата-бабалар сүннеті" мағынасында да  қолданылған. Сонымен қатар, араб халқы су арығын да сүннет деп атаған, ол арық суының белгілі бір бағыт, тәртіппен ағатын сипатымен байланысты. 

Толығырақ ...

Әбдікәрім Берікбай: Науқастың көңілін сұраудың сауабы мен әдебі

Көңіл сұрау – қанымызға сіңген салтымыздың бірегейі. Ол адамды құрметтеудің нышаны. «Аурудың емі – саудың сәлемі» деген мақал бар. Науқастанып жатқан адамның көңілін сұрап, «ауырып тұрдың – аунап тұрдың», «ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады», «дертіңізге шипа берсін», «шикі ет ауырмаққа» деген сияқты жұбату сөздермен оның тез жазылуға деген сенімін арттыра түсу қажет. Біз денсаулық сұраудағы сауаптармен әдептері жайлы қысқаша шолу жасамақпыз. Онда қолданатын сөз тіркестері де әр жерде әртүрлі. Бірақта негізгілері мыналар болар: «Денсаулығыңыз жақсы ма?», «Денсаулығыңыз қалай?», «Тәуірсіз бе?». Ал сауабы мен әдептеріне келер болсақ:

Толығырақ ...

Сауда-саттық әдебі

Адам баласы жалғыз Алла тағаланы танып, оған құлшылық ету үшін жаратылған. Осы жаратылыс міндетін жан-жүрегімен түсінген әрбір мұсылман әр басқан қадамында шамасы жеткенше харамнан ұзақтап, халал іспен айналысып, атқарған әрбір ісінде Жаратушы иесінің разылығын табуды мақсат етеді. Алла тағала адамзатты бір-біріне қажеттілігі түсетін әрі түрлі кәсіптерге бейім етіп жаратты. Әрбір кісі өзіндік ерекшелікке, қабілетке ие, қызығушылығы да әртүрлі. Сондықтан да қолынан іс келетін әрбір жан шамасы жететін әралуан кәсіптерді таңдайды. Алла тағала бір кәсіпті екіншісінен артық еткен, сонымен қатар ол істің шариғатқа сай болу жағын да, әрбір кәсіп иесі қандай сипатқа ие болу керектігін де баяндаған. Сол кәсіптердің бірі – сауда-саттық.

Толығырақ ...

Адамның жасы үлкен мұсылмандарға құрметі қандай болу керек?

Өзіңізден жасы үлкен кісілерді құрметтеңіз әрі оларды қадірлей біліңіз. Олармен бірге болғанда, оң жақтарында және бір-екі қадам артта жүріңіз. Үйге кірерде не шығарда оларға жол беріңіз. Кездескенде бірінші сәлем беріп, ілтипат көрсетіңіз. Сөйлерде алдарын орай кетпестен, алдымен сөз бастауларына мүмкіндік беріңіз де, сөздеріне құлақ салыңыз. Егер бір мәселе бойынша пікіріңізді білдірмек болсаңыз, әдеппен, жұмсақтықпен ойыңызды жеткізе біліңіз, олармен жұмсақ, бәсең дауыста сөйлесіңіз. Өзіңізге қаратпақ болғанда не шақыруды қалағаныңызда да әдептен аспаңыз. Енді осы көркем тәрбиеге үндейтін кейбір хадистер мен асарларға тоқталайық.

Толығырақ ...

Қонаққа бару әдебі

Қонаққа не басқа бір жұмыспен біреудің үйіне кіргенде үйдің ішкі жағына әрі сізге қарау халал болмаған кісілерге қараудан көзіңізді тыйыңыз. Себебі бұл үлкен кемшілік әрі әдепсіздік болып саналады.

عن سعد بن عبادة جاء رجل فقام على باب النبي صلى الله عليه وسلم يستأذن مستقبل الباب فقال له هكذا عنك فإنما الاستئذان من أجل النظر

Әбу Дәуід және Табарани Сағд ибн Убададан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен: «Бір кісі Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйіне кірерде есігінің тұсында тұрып рұқсат сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған біраз шетке тұруын бұйырды да былай деді: «Рұқсат қарау үшін сұралады»,-деді.

Толығырақ ...

Есікті қағу әдебі

Егер сіз досыңыздың немесе танысыңыздың не бөтен бір кісінің үйіне барсаңыз, есігін әдеппен қағыңыз. Қопал түрде не асығыстықпен қағып, бұл әрекетіңізбен іштегілерді шошытып, әдепсіздік жасамаңыз.

Толығырақ ...

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.Ғ.С.) КІСІЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдардың қабілеттері мен жағдайына қарай мәміле жасайтын-ды. Оның мұндай мәмілесі олардың қабілеттерінің ашылуына және тұлғалық қасиетінің қалыптасуына орасан зор ықпалы болды. Амр бин Тағлиб былай деп әңгімелейді:

Толығырақ ...

Мұсылманның ең маңызды әдептері

1. Үйге кірердегі әдеп

Үйге кірерде не шығарда есікті қопал түрде қатты жаппаңыз. Егер есік қатты жабылатын болса, қолыңызбен ұстап, ақырын жабыңыз. Сіз Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген мына бір хадисті естіген боларсыз:

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу