maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Ата-анаға құрмет – дінге құрмет

Адамның ғұмыры – шектеулі. Әрі барса, жүз жылдан аспайды. Бірақ қамшының сабындай жалған дүниеде не болып, не қоймай жүр? Әсіресе, отбасылық өмірде небір асыл құндылықтардың бағасы бір тиыннан аспауда. Мысалы, әке орны төрде дейміз. Алайда көпшіліктіңбәрі өз әкесін төріне отырғызып сыйлап жүр ме? Сыйлау былай тұрсын, құлындай жұмсап жүрген жетесіздер жоқ емес.

Толығырақ ...

МҰСЫЛМАН КӘСІПКЕРГЕ ТӘН 7 СИПАТ

Ислам діні мұсылмандардың жалқауланып «Алма піс, аузыма түс» деп жата бермей, маңдай терін төгіп еңбек етуге, отбасы, ошақ қасының ризық-несібесін іздеуге шақырады. Шақырып қана қоймай, адал ризықтың жөн-жосығын, тәртіп, әдебін де тәптіштеп түсіндіріп береді. Қиямет күніне дейін мұсылман жұртшылығы шариғаттың осындай нұсқаулығымен жүріп-тұратын болады.

Толығырақ ...

ҮЙДЕ ИТ АСЫРАУ – ҚОҒАМ ҚАСІРЕТІ

Бүгінгі таңда үй ішінде ит асырау салтқа айнала бастады. Бұл – елдің ғұрпында болмаған жағдай. Әрине, мәселе итте емес. Өз отбасы, ошақ қасынан жылылық таба алмай, итпен серік болуды өміріне желеу ететіндердің біздің қоғамға да жұға бастаған қасіретті дертінде. Әр адамға жылылық керек. Тек тәнді ғана жылытатын емес, рухани қуат боларлық берекені де отбасынан іздеген дұрыс. Қасиетті Құранда мынадай бір аят бар: «Мұса отқа таяп келгенде, оған былай деп үн қатылды: «Осы оттың басындағы һәм оның маңайындағы жандарға құт-береке дарытылды. Әлемдердің Раббысы Алла мінсіз, кемшілік атаулыдан ада» («Нәмл» сүресі, 8-аят). Осы аятты оқығанда, қазақ халқының отбасы, ошаққасы, отан, отағасы деген сөздерді тегіннен-тегін қастерлемейтініне көзіміз жетеді. Бүгінге дейін бабаларымыз отбасын киелі ұғымдардың қатарына қосып келген. Әрбір қазақ құт-берекені де, бақытты да, қуаныш-шаттықты да өз отбасыларынан тауып келген. Жылдан жыл, ғасырдан ғасыр өтіп бүгінге жеткенде осы бір киелі жеріміздегі құндылықтар бұзылып, бүлініп жатқаны қынжылтпай қоймайды. Біз осыншалық азғындық дертін шекпеген ел едік қой. Бұл қасірет қайдан жұқты?

Толығырақ ...

БОЙДАҚТАРДЫҢ ҮЙЛЕНУІНЕ НЕ БӨГЕТ БОЛЫП ЖҮР?

Халық даналығында үйленуге қатысты айтылатын аталы сөздердің бірі – «Қарыз ал да, қатын ал, қатының қалар жаныңда»! Осындайда Алланың әмірі, пайғамбаымыздың (с.ғ.с.) сүннеті – үйлену мәселесінің неге қарызбен  байланысты айтылатыны туралы ой келеді... Алдымен, мына бір диалогқа  назар аударалықшы:

Толығырақ ...

Бауырларымызды Алла жолына қалай шақырып жүрміз?

Соңғы кездері мұсылман бауырлардың арасынан «өзім намаз оқимын, әйелім намаз оқымайды! Ата-анам ішімдік ішілетін тойға қатысады! Туған бауырым банктен кредит алады...» деген секілді сары уайымға толы сөздерді жиі естиміз. Расында, Ислам дініне мойынсұнып, мұсылмандыққа бет бұрған мұсылман баласы қандай жолмен болса да, ата-ана, ағайын-туыстары мен бауырларына діннің талаптарын орындатуға тырысып бағатыны түсінікті. Тіпті кейде «Оларға қандай сөз айтсам, олар бірден кәміл мұсылманға айнала қалады» деген мазмұндағы сұрақтарды да қояды. Иә, дұрыс! Өзіңе қалаған жақсылықты өзге бауырыңа да болса екен деп тілеу – имандылықтың нышаны. Бірақ бір сөзбен бір адамды қалай өзгерте қоймақпыз? Бұл – бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Осылайша, кейде қасиетті Құранда айтылған «Дінде зорлық жоқ» деген ұлы қағиданың ұмыт болып жататынын да байқап жүрміз...

Толығырақ ...

Басшыға бағыну – берекенің бастауы

Дүние – бір алып сарай, ал адамдар сол сарайдың қадірлі қонақтары. Зер сала қарасақ, бұл сарайда тәртіпсіз, жүйесіз жатқан ештеңе жоқ. Барлық нәрсе белгілі бір үндестік пен ережеге бағынып тұр. Міне, сондай заңдардың бірі – тіршілік иелерінің өз басшыларына бағынуы.  

Толығырақ ...

Бай болғысы келетін жан ақша жұмсамауы тиіс 7 жағдай

Ақшаның көбеюі - қаржыны дұрыс есептеудің арқасында жүзеге асады.  Ақшаны орнымен жұмсау қаржыңның өсуіне алып келеді. Еңбек етіп тапқан ақшаны жұмсауға болмайтын жерлер бар.

Ол үшін біріншіден, қалтаңыз көтермейтін дүниеге ұмтылмаңыз. Бір рет қымбат мейрамханадан ас ішіп, қымбат жерде бір рет демалу тапқан ақшаның орнын ойсыратып тастайды. Қымбат заттарды сатып алу қалтаңды жұқартады. Дұрысы, басқа адамдар секілді ас пісіріп, үйде тамақтан. Ал қымбат мейрамханаға арнайы уақыты келгенде бар!

Толығырақ ...

Сауабы марқұмға сөзсіз тиетін 5 амал

Ибн Омар (р.а.) келтірген хадисте: «Расында, сендердің бірің қайтыс болса, оған күндіз және кешке орны көрсетіледі. Егер жәннаттық болса, жәннат иелері қатарынан, ал тозақтық болса, тозақ иелері қатарынан. Сөйтіп оған: «Бұл – Алла сені қиямет күні қайта тірілткенге дейінгі орның»,– деп айтылады (Муслим 4/2199; Бұхари 3/1184). Сондықтан да, шынайы мүмин қабір басына барғанда жүрегі жібіп, жанарына жас келіп, қайтар жерім қара топырақ дейді. Расында, барлық тіршілік ажал құшып, өлері хақ.

Толығырақ ...

Адам қатты қиналғанда оқылатын дұға

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ وَ الْعَجْزِ وَالْكَسَلِ وَالْجُبْنِ وَالْبُخْلِ وَغَلَبَةِ الدَّيْنِ وَقَهْرِ الرِّجَالِ

Аллаһуммә инни ә‘уузу бикә минәл-һәмми уәл-хазәни уәл-‘ажзи уәл кәсәли уәл-жубни уәл-бухли уә ғаләбәтид-дәйни уә қаһри-рижәәли.

Толығырақ ...

Түнгі ғибадатқа оңай тұрудың 14 тәсілі

Ислам бізге білім алып, оған ұмтылуды насихаттайды, себебі, білім баршамызға жәннатқа баратын жолды көрсетеді. Білім - дұрыс істердің түпкі мән-мағынасын түсіндірсе, талпыныс - адамды жігерлендіреді. Сондықтан түнде тұрудың артықшылығын білу, түсіну үшін де ілімнің қажеттілігі туындайды. Түнде тұрудың  артықшылықтарын түсінбеу, бос уақытты жібергенін сезіну, оның артықшылықтарын білу, саналы түрде ұғыну, бұл - үлкен қозғаушы күш болып табылады.  Алла Тағала адамға қабілет пен білім берген, адамның міндеті - екеуін де қолданып,  айналасына пайдалы, қайырлы амал ету. Ендеше, сіздің рухани әлеміңізді кемелдендіруге пайдасы тиер түнгі құлшылық /қиям/ жайлы кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу