maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Қадір сүресіндегі "27" саны жайында

Қадір сүресіндегі "27" саны жайында

Қадір сүресінің "сандық" тұрғыда да өзіндік кереметінің бар екенін біреу білсе, біреу білмейді. Сүрені сандық тұрғыда талқылайтын болсақ, бұл сүреде қадір түнінің Рамазан айының 27-не сай келетінін меңзеп тұрған сыңайлы. Дәлірек айтқанда: 

1) Қадір сүресіндегі айтылған сөздердің саны 30 (отыз) екен. Құранда "отыз" пара.

 

2) Сүредегі әріптердің саны 114 (жүз он төрт). Құранда "114" сүре бар.

3) Сүренің бесінші аятындағы "Ол" деген мағынаны білдіретін арапша мәтініндегі "Һия-هي" сөзі сүредегі сөздердің сандық реті бойынша, 27-ші сөз. Қадір түні Рамазан айының 27-не сай келеді. ("Ол бейбітшілік кеші - таң рауандағанға дейін жалғасады". Қадір сүресі, 5-аят).

4) Сүренің арапша мәтініндегі "Қадір" сөзі 5-ші, 10-ші және 12-ші сөзінде кездескен. Осы үш санды бір-біріне қосар болсақ жиырма жетіге тең болады: 5+10+12=27. Бұл да қадір түнінің Рамазанның 27-сіне сай келетінін ишара етіп тұрғандай.  

5) Сүредегі "Лайләтуль Қадір" сөзі (мағынасы - қадір түні) сүреде 3 (үш) мәрте кездеседі және ол 9 (тоғыз) әріптен тұрады (ليلة القدر). Ал, енді, үшті тоғызға көбейткенде жиырма жетіге тең (3*9=27). Демек, қадір түні Рамазан айының жиырма жетісіне сай келетінін осыдан да байқауға болатын тәрізді.

Ескерту: 

Аталмыш сүренің сандық тұрғыда талдануы "шариғи дәлел" емес. Қадір түні Рамазанның пәлен күніне сай келеді деп айта алуымыз үшін нақты шариғи дәлелдерге сүйенуіміз керек. Аталмыш жазба сүренің ерекшелігін және астарындағы тереңде жатқан мән-мағыналарын жарыққа шығару мақсатында беріліп отыр деп түсінгеніміз жөн. 

Аударып дайындаған: Абдусамат Қасым.

Медиа

Жоғарыға