maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Тақуа жанның Фейсбук жайлы айтқаны...

Тақуа жанның Фейсбук жайлы айтқаны...

Тақуа кісі болса керек. Шəкірттеріне Фейсбук жайлы қысқа да нұсқа бір сөз айтып, үлкен ғибрат қалдырыпты. Сонда ол нендей ғибрат дейсіз ғой. Ол былай...

«Біріншіден, фейсбукке кірместен бұрын Құдайдың жолына шақыруды ниет ет.

Екіншіден, фейсбуктен əлденені бөліспей тұрып (поделить, chare), жақсылықты жаюға, садақаны жария етуді ниет ет.
Үшіншіден, ұнады (нравится, like) деген батырманы баспай тұрып, бір бауырыңның жүрегіне қуаныш əкелуді ниет ет.
Төртіншіден, пікір (комментарий, comment) жазбастан алдын біздің əрбір сөзіміз Құдай Тағалаға аян екенін есіңе ал.
Қысқасы, əрбір қадамыңды Құдай үшін басатын болшы. Сол ісің үшін əлдекімдер ертең саған шапағат етеді», -деп сөзін тəмамдапты əлгі тақуа.

Сабыр Сансызбай

дінтанушы

 

Медиа

Осы категориядағы басқа материалдар: « Адамдарды қалай ажыратамыз? ТАРАУИХ НАМАЗЫ »
Жоғарыға