maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Қазақ жастары неге жат ағым жетегіне еріп кетуде?

Әр елдің болашағы жастар екені мәлім. Бірақ өкініштісі сол жастарымыздың дәстүрлі емес жат ағымның құрбаны болып жүргендері қабырғамызды қайыстырады.

Толығырақ ...

Теріс діни бағыттағы топтарға жол бермеу, оның алдын-алу шаралары

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес қазіргі кезде Қазақстан қоғамы үшін маңызды да өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Көпұлтты және көпконфессиялы ел үшін ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау - ең басты міндет. Өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырған Қазақстан Республикасының Ата Заңы мен дін туралы заңнамаларында экстремизм мен радикализмнің барлық көріністеріне және азаматтардың конституциялық құқықтарына қысым жасауды көздейтін әрекеттерге қарсы тұру толыққанды қарастырылған. Айталық, Конституцияға сәйкес мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.

Толығырақ ...

ТЕРІС ПИҒЫЛДЫ АҒЫМДАРДЫҢ КӨЗДЕГЕНІ  ОТАНСҮЙГІШТІК СЕЗІМДІ ЖОЮ

Отанның әрбір адам үшін қасиетті ұғым екендігі, оның отбасынан бастау алып, мемлекетті іштей жұмылдырып тұратын алып күш екендігі баршаға аян. Бұл туралы бұрын да, қазір де қаншама туындылар жазылып, қаншама қанатты, аталы сөздер айтылуда. Сондықтан да өз отанын, туған жерін қорғау баршаның азаматтық парызы. Еліне адал қызмет етіп, оны қорғауды мақсат ету, өз Отаны мен атамекеніне сүйіспеншілікпен қарау сезімі «патриотизм»ұғымымен анықталады. Бұл- адамның өз отбасына, қоршаған ортасына, тұрған жерінің табиғатына, жалпы еліне деген құрметтен бастау алатын сезім. Міне, жастарды осындай шынайы патриоттық сезімге баулып тәрбиелеу ісі қоғам үшін маңызды мәселелер қатарынан орын алады. Өйткені, бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, елдің өркендеп дамуы үшін өте қажетті нәрсе. Әрбір елдің болашағының жарқын болуы оның азаматтарының білімділігімен қатар, олардың отансүйгіштік сезімдерінің деңгейіне байланысты. Өз елінің, ұлтының патриоты болған азамат қана елінің тағдырына жанашырлықпен қарап, оған адал қызмет етуді өзінің борышы деп санайды.

Толығырақ ...

Дін және терроризм: кереғар ұғым

«Дін» дегеніміз не? «Террорзим» дегеніміз не? Дінмен қандай байланысы бар?Оның бүгінгі күнде  «діни терроризм» болып халық арасында өте күрделі мәслеге, қорқынышқа айналуының себебі неде? Алдымен барлығына жеке тоқталсақ.

Толығырақ ...

САЛАФИЛІК ЖАМАҒАТЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ

Қазіргі таңда салафилік жамағаттар Қазақстанның зайырлы қоғамынан оқшауланып, айналасындағылардан «бөлек» өмір сүретін топтарды құрайды. Сондай-ақ олардың арасында өзге дін өкілдері мен мазһаб ұстанатын мұсылмандарды күпірлікпен айыптау (тәкфір), діни негізде отбасылық қатынастарды бұзу, өзге мәдениет пен өркениет мұраларына төзімсіздік таныту, Құдайдың заңымен реттелмейтін мемлекет пен қоғамнан оқшаулану  көріністері жиі байқалады. Соның салдарынан салафилік топтардың ішіндеи зайырлы білім алудан, зайырлы мамандық игеруден, ақы төленетін еңбектен, тіпті адам өмірі үшін маңызды дәрігерлік жәрдемнен бас тартуға жетелейтін идеялар кеңінен таралғандығын көруге болады.

Толығырақ ...

Адасқан ағымдардың бірі – уаһһабилік

«Уаһһабилік» – екі жарым ғасыр бұрын араб түбегінде, Нәжд даласында Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб (1703-1792 ж.) негізін қалаған ағым. «Уаһһаби» атауы – осы ағымның негізін қалаушы Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың көзі тірісінде оның соңынан ерушілерге тағылған айдар. Уаһһабилік тарихта «харижиттік» әрекет ретінде де танымал болған. Өйткені олардың әрекеттеріндегі қатыгездік пен өз ұстанымдарына қосылмағандарды кәпір деп айыптау әрекеттері харижит ақидасының (сенімінің) көшірмесі іспетті. Олар Ибн Тәймияның жолы мен ханбали мәзһабын ұстанатындарын айтқанымен, ханбали мәзһабына қайшы келетін тұстары жетерлік. Уаһһабилер өздерін былай деп сипаттайды:

«Біз сенімде сәләф, амалда ханбали мәзһабын ұстанамыз. Негізінде Ахмад ибн Ханбал сенімде сәләфилікті ұстанған. Біз де амал мен итиқадта (сенімде) ханбалиміз. Уаһһабилік деген нәрсе жоқ. Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб білімімен және ісімен осы мәзһабты жаңартқан Шайхулислам»[1].

Толығырақ ...

«Жиһадта» жүріп үйленген жігіт «өлген», әйелі екі баласымен қалған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласынан «жиһадқа» кеткен жастар – Әлихан Алдабергенов пен Алма Байзақ Сирияда жүріп бас құрасқан. Кейін Әлихан өлгенін хабарлаған Алма «жағдайын жасайтын адамдар барын» айтып, елге қайтудан бас тартқан.

Толығырақ ...

САЛАФИЛЕР ДӘСТҮРДІ ДҰРЫС ТАНЫМАЙДЫ

Кейінгі кезде қоғамда Исламды жамылып пайда болған теріс ағымдар санының көбеюі өзекті мәселеге айналды. Әдетте, мұндай құбылыс қоғамда адамдардың діни сауатының жоқтығынан немесе сауатының аздығынан туындайды. Демек, қоғамда қазақ үшін тарихи қалыптасқан дәстүрлі исламды, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын насихаттайтын білімді мамандар қажет. Түркі халықтарының Ханафи мазһабын таңдауында өзіндік ерекшелік бар. Бұл мектептің басқа мектептерден ерекшелігі халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарап, тұрмыста оларды пайдалануына жағдай жасауы. Сондықтан да біздің дәстүріміз дінмен біте қайнасып кеткен. Егер кейбір дәстүріміз шынымен де ислам қағидаттарына қайшы келіп жатса, оны имамдарымыз ескертіп жатады.

Толығырақ ...

Терроризмді тұқырту- адамзат тілегі

Еліміз егемендігінің 25 жылдық өмірінде саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да салаларда түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасының басшылығының салиқалы саясатының шеңберінде, жүзеге асып отырған салмақты реформалар елімізде азаматтық бейбітшілік, тұрақтылық, дінаралық және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде.

Толығырақ ...

САУДИЯ МЕН УАҺАБИЯ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ

1891 жылы Осман империясына (бұдан әрі – османдықтар) әр Рашид патшаның келуімен Нажд жерінде уаһабилік идеологиясының халық арасында тарау серпіні бәсеңдеді. Бұған дейін Сауд екінші Әмірлігі уақытында аталмыш идеология халықтың арасында тез тарап оған тосқауыл болатын ешқандай себеп жоқ еді. Алайда, 20-шы ғасырдың басында Файсал ибн Турки атты әмірдің Мәлик Абдул Азиз ибн Абду Рахман есімді немересі билікке келіп уаһабилік идеологиясының даму сатысы қайта күшіне енді.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу