maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

ДҰҒА ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

ДҰҒА ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Халқымыз дәстүрге бай халық. Қазақтың бата беру, тілек тілеу рәсімі өз алдына жатқан бір тағылымға толы асыл қазына. Қазақ жарқын болашаққа зор үмітпен қараған. Ұлы Жаратушы Алла Тағалаға кәмілсіз сенген. «Жақсы сөз жарым ырыс» деп сөздің өзін жақсылыққа балған.

Қазақта бата тілеп, дұға жасау маңызды болып келген.

Асыл дініміз исламда дұға жасауға, Алладан шынайы тілек тілеуге барынша маңыз беріледі. Қасиетті Құран кәрімде «Бақара» сүресінің 186- аятында: «(Мұхаммед!) Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: Өте жақынмын, қашан менен тілесе, тілеушінің тілегіне жауап берем. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді»,-делінген.

Бір сөзбен айтқанда дға жасағанда шын ниетпен тілеу керек деп әмір еткен. Ұлы Жаратушы Алла Тағалаға шын сеніп, шынайы тілесе, тілектерді қабыл етеді.

Ардақты пайғамбарымызда (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) дұға жасауға Алла Тағаладан шынайы ниетпен тілек тілеп, жәрдем сұрау жайлы көп тағылымдар қалдырған.

Хикаяларда Сахаба Әбу Сағид әл-Худрий риуаят еткен хадисте Алла Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылман баласы күнә іс болмаған және туысқандық қатынасты үзуге бағытталмаған бір дұға жасаса, Алла оған үш жауаптың бірін береді, олар: не дұға-тілегін лезде кешіктірмей қабыл етеді, немесе қиямет күнге сақтап қояды, немесе дұға-тілегіне тең келетін жамандықты қайтарады,-дейді. Сонда мұны естіген сахабалар: ондай болса дұғаны көп-көп жасайық, - дейді. Алла Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) де: Алла одан да көп (яғни, жомарт)», - делінген.

Ұлы Жаратушы өз пендесінің тілегін қабыл етуші. Оның тек ниеті таза болуы керек деп көрсетілген.

Дұға жасаудың өз әдебі бар. Ол үшін ең алдымен  тілек тілеуші дәретті болу,яғни таза басты шарты. Сосын Дұғаны жасағанда әуелі Жараушы Ұлы Аллаға мақтау айтып бастау керек. Тілекті үш қайтарадан айту, Алла Тағалаға жалбарану қажет. Тілек тілеуші мұсылман құбылаға бет қаратып, қолды көтеріп,алақан жайып тілеу керек.  Дұға еткенде орташа дауыспен дұға етіп, басқаларға кедергі келтіремеу, немесе олардың ынтасын бөлмеу керек.  Кез келген дұғаны Пайғамбарымызға (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтумен аяқтау керек. Шын ықыласмен тілеу және тек жақсылық тілеу керек.Жасаған  дұға дереу қабыл болмады деп асықпай сабыр сақтау керек. Себебі Ұлы Алла барлығын көруші.

Дұға жасағанда Аллаға серік қоспау басты маңызды. Ислам шарттары бойынша дұға жасауда қасиетті айлар маңызды болып келеді. Атап айтқанда арафа күні, айлардың ішінде рамазан айы, апта ішінде жұма күні, түнгі уақыт ішінде сәресі мезгілі секілді қасиетті уақыттарда дұға жасаса орындалатындығы айтылған. .

Ардақты пайғамбарымыз  (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын): «Иә, Тәңірім! Мен жалқаулықтан, шығынға ұшыраудан, Дажжәлдің азғыруы мен тозақ азабынан Өзіңнен пана тілеймін», – деп дұға ететін».(Әмір ибн Шуайб)

дейді.

Алла Тағала барлығымздың дұғаларымызды қабыл етсін!

 

Ибраһим қажы Қарнақбайұлы,

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы

«Мұхамади» мешітінің бас имамы

Медиа

Жоғарыға