maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Орта Азия елдеріндегі зайырлық пен діндарлық қай деңгейде?

Адам  мен  қоғам  өмірінде діннің әлеуметтік мән-мағынасын  жоғалтуын бейнелейтін және қазіргі  заманның  ажырамас  қасиеті саналған секуляризация ұғымы заманауи әлемде жаңа  тұрғыда қарастырылуда. Секулярлы  қоғам  кеңістігінде діннің саясатқа, экономикаға, мәдениетке ықпалының  күшеюі нақты қоғамдық  өмірдегі діндарлық  пен  секулярлық  арасындағы  арақатынас  формасына  байланысты өрбиді. Ғылыми-техникалық  төңкеріс, жаһандану  үдерістері, урбандалу, экономикалық, саяси, мәдени  жаңғырулар дін  мен  діни санаға да  ықпал етті. Десекуляризация - бұл секуляризацияға қарама-қарсы тренд, яғни діндарлықтың қайта жаңғыруы, зайырлылық пен дүниелік есебінен қасиеттіліктің қайта жандануы. Бұл трендтің көріністері діннің зайырлы, мемлекеттік орындарға - (мектеп, жоғары оқу  орны, әскер, экономика, медицина, мәдениет) кіре бастауы, діни институттардың көркем шығармашылық туындыларына (әдебиет, театр, сурет, кино өнері) цензура қоюға  әрекеті. Десекуляризация белгілері - мемлекет пен дін арасалмағының өзгеруі, қоғамдық санадағы діни түсініктердің  өсуі, нақты діннің ресми мәртебе алуға қадам басуы. Батыс еуропалық ғалымдар постсекулярлық және постдіндарлық ұғымдары төңірегінде тартысса, постатеистік және  постсоциалистік елдер ғалымдары діннің қайта жаңғыруы, діннің  қайта оралуы, сакрализациялану, секуляризацияның  ақыры  тақырыбында  пікір таластыруда. Дінмен байланысты жаһандық  қоғамдық санада туындайтын сұрақтар діни толеранттылық пен сұқбат, жаһандық террорлық, радикализация, исламофобия, діни  фанатизм  төңірегінде  өрбиді. Постсекулярлы  қоғамда  секулярлы  және түрлі діни топтардың бейбіт және өзара  келісімде өмір  сүруі үшін  түсіністік қағидалары қандай болуы  тиіс. Постсекулярлы  жағдайда  діни  идеялар  мен  діни  институттардың қоғамдық өмірге ықпал  етуі  денгейінің шекарасы қандай болмақ.

Толығырақ ...

РАМАЗАН – РУХАНИ ТАЗАРУ АЙЫ

Күллі мұсылман жамағаты асыға күтетін Рамазан – құлшылық айы.  Бұл – Алла Тағаланың әмірі. Алла Тағала Құран-кәрімде Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді, - дейді (Бақара сүресі, 183). Шынайы мұсылманның Жаратушы иесіне жақындай түсуге асығатын ең қадірлі мезгілі да осы – Рамазан. Шайтан атаулы кісенделіп, тозақ есігі жабылып, жаннат қақпалары ашылатын Рамазан айының қасиетін санамалап тауысу мүмкін емес.  

Толығырақ ...

Б.Өмірзақ: РАМАЗАН АЙЫНЫҢ СЫРЫ

Рамазан айы – жер бетіндегі Алланы бір деп мойындаған, иманның шарттарына шүбәсіз сенген адамзат баласының сағынып күтетін, бізге екі дүниенің бақытының кілтін ашатын қасиетті Құран Кәрім аяттары түсе бастаған сондай бір мүбарак айымыз. Бұл ай барша адамзат баласына өз рахметі мен қайталанбас күнге толы нығметін алып келеді. Рамазан – арабшадан аударғанда түбірі «рамада» – «өте ыстық» деген мағынаны білдіреді. Бұл айдың абзалдығы жайында Құран аяттары және пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадистері бар.

Толығырақ ...

ДҰҒА ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Халқымыз дәстүрге бай халық. Қазақтың бата беру, тілек тілеу рәсімі өз алдына жатқан бір тағылымға толы асыл қазына. Қазақ жарқын болашаққа зор үмітпен қараған. Ұлы Жаратушы Алла Тағалаға кәмілсіз сенген. «Жақсы сөз жарым ырыс» деп сөздің өзін жақсылыққа балған.

Толығырақ ...

ҚАЗАҚ ДӘСТҮРІНДЕГІ АТ ТЕРГЕУ – АДАМДЫ ҚҰРМЕТТЕУДІҢ ӘДЕМІ ӘДЕБІ

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мадақ әлемдердің Иесі Алла Тағалаға тән. Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның әулеті мен сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!

Толығырақ ...

ИСЛАМДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР

Қазақ тіліне араб тілінен  енген "айт" (арабша "ид") сөзі мереке, мейрам деген мағыналарды білдіреді. Ислам дінінде Ораза айт (ид ал-фитр) және Құрбан айт (ид ал-адха) атты екі мейрам бар. Бұл екі мейрам хижраның  екінші жылынан бастап мұсылмандар арасында мерекелене бастады.

Толығырақ ...

ҚАЗАҚ ОРАЗА АЙТТЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАҒАН?

Көркем шығармалар, тарихи кітаптардан қазақ жерінде мұсылман мерекелері – құрбан айт, ораза айттардың ерекше тойланғаны туралы оқимыз. Қажығұмар Шабданұлының “Пана” атты романында Зуқа батырдың елінде айт намазы кезінде еркек кіндіктінің бірі қалмай, сапқа тұрғаны суреттеледі. Оны оқыған біз еріксіз таңғалыстық. Өйткені, тәуелсіздік алған, дініміз өзімізге қайтқан қазіргі бейбіт заманның өзінде барлығымыз бірдей айт намазын оқимыз деп айта алмаймыз. Тіпті, айт мерекесінің мән-мағынасын жете түсінбейтіндер қаншама?! Ал кезінде қазақ даласында айт деген ұлттық мереке еді ғой.

Толығырақ ...
Толығырақ ...

Ислам діні алғаш тарала бастаған кездегі тарихи жағдайлар

Хазірет Хамзаның (р.а.), оның артынша хазірет Омардың (р.а.) Ислам дінін қабылдауы Ислам тарихында жаңа бір кезеңнің тұсауын кесті. Бұл уақытқа дейін мұсылмандар қорлық көріп, құлақ естіп, көз көргісіз ауыр қиянатқа душар болып келген еді. Өздеріне жасалған зұлымдыққа қарсы тұра алмайтын қиын-қыстау күн кешіп жүрген еді. Өз ұстанымдарын өздері қорғай алмайтын.  Дін дұшпандары оларға берген сөздерінде тұрмайтын, ағайындық, көршілік ақыларына да мән бермейтін. Керісінше, оларды артында сұраушысы, іздеушісі жоқ бейшара санап, ойларына келген зұлымдықтардың бәрін жасайтын.

Толығырақ ...

Ислам діні және ұлттық құндылықтар

Ислам діні және ұлттық құндылықтар – қазіргі қоғамдағы ең көкейтесті мәселелердің бірі. Әрине, еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін мәдени мұраға басты құндылық ретінде айырықша назар аударып, имандылыққа бетін бұра бастағаны – бесігіміздің түзеле бастағанының айғағы. Өкінішке қарай, асыл дініміздің атын жамылып, хақ дінді қаралап, халыққа теріс ақпарат таратып, ел санасында үрей философиясын негіздеуге ниет еткен жат ағым өкілдерінің ортамызда өмір сүріп жатқаны – ащы да болса шындық.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу