maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Жігіттің жолы болмауының құпиясы

Жігіттің жолы болмауының құпиясы

Бүгінгі таңда ерлер әйелдерлен аз өмір сүретіні жаңалық емес. Инсульт, инфаркт, жол апаты, жаман әдет еркектерді баудай түсіріп жатыр. Ажал шақырған сайын соңынан қой құсап маңырай ілесетін ер-азаматтар неге көп? Ер адамның айналасында құтқарушы әйелдері, музалары, құрбандары да аз емес. Бірақ олардың бірде-бірі еркекті ажалдан арашалап ала алмайды. Ер адамның өмірлік жолы - ауыр. Ерлер өмірмен ынтымақ құра алмай жатыр. Оған өлім етене жақын. Бірақ сұрай қалсаң: «Мен мықтымын. Мен қалай өмір сүретінімді өзім шешем. Менің жағдайым жақсы. Ақшаның жоғы маңызды емес, өмірде ақша маңызды рөл ойнамайды» деп жауап қатады. Биікке шығып барам деп есептейді, бірақ іштей батпаққа батып бара жатқанын сезеді. 

 

Бала күннен жігіттер өзгенің сезімін тыңдамауды ғана біледі. Жүрек сыр бергенде де елең қылмайды. Жұмбақ қармақшының қармағына ілінгенін мойындамайды. Кейбір ерлер қарсылық танытуға тырысады. Бірақ күші тең келмейді. Бұл тартылысқа иелік қылатын не? Бұл сұраққа жауап беру үшін білім керек. Бұл білімнің негізінде мынадай қағида бар: көзге көрінбес көзге көрінетінге иелік етеді. 


Көптеген еркектердің надандығы олардың өзімшілдігінен басталады. Бірақ еркектер керісінше ойлайды. Керісінше болса, пенде баласы Құдайды көретін халге жетер еді. Бірақ Алла көзге көрінбейді. Көрінбес дүние – себеп. Көрінетін дүние – факт, салдар. Алдымен себеп, сосын нәтиже. Еркекті басқаратын қандай себеп бар? Бұның жауабы, сірә, көптеген жігіттерге жақпас. Еркекті басқаратын себеп – әйелдің көңіл-күйі! Әйел рухани деңгейімен еркектердің тәртібін басқарады. Бұл көпшілік әйелдерде бейсаналы түрде жүреді. Егер әйел өзінің көңіл-күйін, сезімін, эмоциясын басқара алса, ол еркектің әр қадамын дәлдікпен басқарып кетер еді. Дегенмен, әйел заты онсыз да басқарып келеді. Бірақ қазіргі әйелдердің басқарғаны көлікке маймыл отырғандай күйде. Әйелдер біресе еркектерді кеудесінен кері итереді, біресе, өзіне тартып алады. Бірақ бұның бәрін қалай істеп жатқанын өзі де түсінбейді. Әйелдің еркекке әсерін ежелгі даостың метафорасы анық айқындайды екен: «Әйел – Жер. Еркек – сол жерден нәр алатын Бәйтерек». Даостарды ешкім ақымақ дей алмайды, өйткені олар әр дүниенің болмысын анық білген. Олар әйел үндемей жүріп-ақ бір нәрсеге қатты қобалжитынын білген. Сол қобалжудың қалай қарай ығысатынына сай әйелдің ері не Жеңімпазға, не ақымаққа айналатынын айтып кеткен. Ақымаққа айналса, өзін-өзі бүлдіре бастайды. Өлгісі келеді. Өлудің бір себебін табады. Жер ағашты немен нәрлендірсе, сондай болмақ. Не зор, биік, мәуелі бәйтерекке, не жай шіріген томарға айналады. Әйел көзге көрінбеске жауапты: сезімге, көңіл-күйге, эмоцияға. Еркек қаласа да, қаламаса да оның күйімен нәрленеді, өйткені тамыры Жерде. Жердің берген шырынын сіңіреді, не уын ішеді. 

Әйел өз білгенімен еркекті ақымаққа айналдырып, оны өлімге итермелеуі неден? Әйел сезіммен өмір сүргенімен оларды жинақтай алмайды. Әйел бүкіл сезім мен көңіл-күйді бір сәтте бойынан өткізеді. Алайда, біздің соғысуға дайын өркениет білмек түгіл, ойлағың келмейтін көптеген кедергі жасап отыр. Соғыс, революция, байларды кәмпескелеу, ұрлық, аштық, туыстардың өлімі – бұл бүгінгі адамзаттың перманентті ақиқаты. 

Етене жақынынан айырылған әйел оған деген жоқтауды толығымен түгесуі тиіс. Ол осылай ішін босатады. Әруақтың Рухын еркіндікке жібереді. Бірақ бұндайды оп-оңай қабылдай алатын адам бар ма? Қабылдай алмағанның бәрі, сезінбеген сезім бейсанаға өткен соң бірнеше буын ұрпақтың өмірін улайтын уға айналады. Жақынынан айырылып қалуға қорқатын ана ұлының жүрегіне «сен жағдайға ие бола алмай қаласың» деген қауіпін егеді. 

Ана – еркекті нәрлендіретін негізгі Жер. Ол өзінің бейсанасында өткен өмірдегі айырылып қалған жандары туралы ақпаратты сақтаушы. Ұлы бұл ақпаратты сіңірмей қалуы мүмкін емес. Анасы ұлынан айырылып қалам деп үрейленсе, оның сезімі ұлына: «Саған дейінгілердің тағдырын қайтала, сен өзіңді бүлдіруің керек, ақымаққа айнал, өл» деген бұйрық боп сіңеді. Анасы баласының бақытын жеп тауысатын бейсанасынан көтеріле беретін осындай жегі құрт, санасындағы сатқын оймен қанша күрессе де, одан құтыла алмайды. Құтылу үшін өзінің санасына мынадай ұстаным енгізуі керек: СЕЗІМІҢДІ ТОЛЫҚ АШ! Бірақ әзірге ол оны қалай жасау керек екенін өзі де білмейді. Ана көптеген кітаптар, мақала оқиды. Санасымен шешім іздейді. Бірақ шешім санада емес, сезімде. Сезімді толық ашуға келіп тіреледі. Сезімі ашылмаса, ақылдан пайда жоқ. Қайталап айтамын: ақыл иесіне айырылған жандарын жоқтауға мүмкіндік беруі керек. Оны қалай жасайды? 

Ал, назар салайық! Біреуден айырылып қалу үрейі мен қайғысы – тектен берілетін сезімдер, өз туыстары мен ғашықтарына айырылып қалған ата-бабадан келе жатқан жүк. Біреуден айырылып қалу үрейі мен қайғысы Ананың баласына сенімсіздігін ғана емес, өзіне жар таңдау кезінде де сенімсіздік тудырады. Сүйіктісі өмірінен аластаған әйел өн бойында тегінен берілген қайғылы сезімдер барын ұғына алмайды. Оның тегіндегі сүйіктісінен айырылып қалуға қорыққан бақытсыз әйелдердің сезімдерін арқалап жүргенін білмейді. Еркекпен ынтымақта өмір сүре алмайтын әйелдің тегінде әжелерінен қалған ДНК-да жазылған: «Сүйіктім, менен қаш. Мен сені бақытты ете алмаймын. Менімен жағдайың қиын. Сенің ерте өлгеніңді қаламаймын. Сені өлтіргенше жалғыз болғаным дұрыс. Бірақ сен өмір сүр. Қош бол. Мен саған лайық емеспін» деген бағдарлама бар. 

Бірақ, осылайша екеулеп екі жақта бақытсыз өмір сүргенше, өзгенің ауыр сезімінен зардап шеккенше, сол ескі, көмескі сезімдерді иелеріне қайтару керек екенін біліңіздер. Өз жеті атаңыздағы сол адамдарды анықтап, солар үшін сол сүрілмеген сезімдерді сүріп, жоқтап, еркіндікке жіберу керек. Сонда жолды байлаған сезімдер бу құсап ұшып кетеді. Мәңгілікке сіздің жүректі үрейден аластайды. 

Әр адам лайықты, бақытты өмір сүруге қақылы.

Аударған Шынар ӘБІЛДӘ

Медиа

Жоғарыға