maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Хадиша деген әйел үшін келіншегімнің ашулануы

Ұялы телефоныма өз әйелімнің атын Хадиша деп жазып қойдым. КІм біледі, оған да бір себептер болған шығар. Өзіне бұл туралы айтқан да жоқпын. Бір күні менің телефонымды алып қолданғысы келді. Қараса, бетінде бір күнде бірнеше рет телефон соғылған Хадиша деген есім тұр. Сол кезде оның өзгерген түрін көрсеңіз. Түрі өзгеріп, өңі қашып, қаны қайнап жатқаны көрініп тұр.

Толығырақ ...

Құда түсу немесе сөз салу Ислам бойынша қалай орын алады?

Екі жас болашақ жар ретінде бір-бірін таңдаған соң, уақытты көп созбай, отау көтеруге қам жасауы қажет. Халқымыздың салт-дәстүрі бойынша, көбінесе үйленудің алдында екі жақтың келісімін алу үшін әрі тойға дайындалу мақсатында әуелі құда түсіп, қызды айттыру салты орындалады. Бұған дініміз бойынша да рұқсат етілген.

Толығырақ ...

Жігіттің жолы болмауының құпиясы

Бүгінгі таңда ерлер әйелдерлен аз өмір сүретіні жаңалық емес. Инсульт, инфаркт, жол апаты, жаман әдет еркектерді баудай түсіріп жатыр. Ажал шақырған сайын соңынан қой құсап маңырай ілесетін ер-азаматтар неге көп? Ер адамның айналасында құтқарушы әйелдері, музалары, құрбандары да аз емес. Бірақ олардың бірде-бірі еркекті ажалдан арашалап ала алмайды. Ер адамның өмірлік жолы - ауыр. Ерлер өмірмен ынтымақ құра алмай жатыр. Оған өлім етене жақын. Бірақ сұрай қалсаң: «Мен мықтымын. Мен қалай өмір сүретінімді өзім шешем. Менің жағдайым жақсы. Ақшаның жоғы маңызды емес, өмірде ақша маңызды рөл ойнамайды» деп жауап қатады. Биікке шығып барам деп есептейді, бірақ іштей батпаққа батып бара жатқанын сезеді. 

Толығырақ ...

Жақсы әкенің 10 сипаты

Бүгінгі таңда ер балаларымызға жігіттік, қыз балаларға ұяңдық жетіспей жүр. Отбасында әкенің рөлі маңызды. Көпшілігіміз ананың қадір-қасиетін дәріптейміз де, әке образы екінші орынға жайғасып жатады. Алайда, әке міндеті, әке тәрбиесі, әке болмысы балаға бірден-бір әсер ететін фактор.

Толығырақ ...
Толығырақ ...

Еркек болу оңай ма?

Қалай десең де еркек болу оңай емес. Әйелдер оның несі қиын, жұмыс істе, ақша тап, бітті деп ойлайды. Біткен жоқ. Олар үшін, еркектер үшін, біз бармыз. Олардың өміріне қуаныш пен шаттық әкелетін біздер. Тіпті түк керек емес деген жерге де қуаныш сыйлағымыз келеді. Ол қуаныш па, басқа ма, кейде маңызды емес. 

Толығырақ ...

Бала тәрбиесінде әкелер жіберіп алатын қате

Сақтап қойыңыз да, өз балаңызға даусыңызды көтергіңіз келген кезде қайта оқыңыз.

 «Құлақ сал, ұлым. Бұл сөздерді сен ұйықтап жатқанда айтып жатырмын. Сен кішкентай қолыңды жастанып, қырыңнан жатырсың, ал сап-сары шаштарың терлеген маңдайыңа жабысып қалыпты. Мен өзім тыныш қана бөлмеңе жасырын кірдім. Бірнеше минут бұрын жұмыс бөлмемде газет оқып отырып, мені үлкен өкініш толқыны тербеді. Мен сенің төсегіңе өз кінәмді толық сезініп келіп отырмын.

Толығырақ ...

Құран оқыған әйел қалай өзгереді?

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құран - он төрт ғасыр бойғы уақыт белесінен өтсе де бір әрпі де өзгермей келе жатқан ғажайып мұғжиза. Күніне жүз мыңдаған мұсылмандар Құранды оқып, одан рухани азықтанып, жүректерінің ең түпкі төріне сақтайды. Онда көптеген ғасырлар бойы расталған ғажайып ғылыми фактілер бар. Алла Тағала: "Ақиқатында, зікірді (Құранды) біз түсірдік және біз оны (өзгерту, бұрмалаудан) сөзсіз, сақтаушымыз"(Хижр, 9), - деп Құранды қорғап, сақтайтындығы туралы уәде етті. Мұсылман  Құранды түсініп оқыса, аяттардың терең мағынасына ой жүгіртсе немесе оны өзгелерге үйретсе, оның өз өмірінде, әдеттерінде, ғибадатында, басқалармен қарым-қатынасында, ең бастысы -жан дүниесінде көптеген игі өзгерістер болады.

Толығырақ ...

Жарыңызға сыйлық жасаудың жақсы идеясы

Әйеліңіздің туған күніне не болмаса мерейтойына не сыйларыңызды білмей жүрсіз бе? Ер адамдар бұл істе үнемі қиыншылыққа душар болады. Егер жұбайыңыздың айтып жүргендерін мұқият тыңдап жүрсеңіз, оның не қалайтынын естуге болады. Мысалы, дүкеннің қасынан өтіп бара жатқанда ол: «Қандай әдемі ыдыс», деп айтады, міне, сыйлыққа беретін зат. Ал егер де ойыңызға ештеме келмейтін болса, онда келесі сыйлық идеяларын қолдануыңызға болады, мұны көптеген әйелдер жоғары бағалайтын болады:

Толығырақ ...

Ана жанұяның ғана емес, қоғамның да тәрбиешісі

«Құл әке-шешесі үшін дүға етуді қойған кезде ырыздығы кесіледі» (Дейлеми)

Ата-ана-ең үлкен құрметке лайық жандар. Ата-анаға ізеттілік танытпаған, құрметтемеген адам Жаратушыға қарсы шыққан болып саналады, өйткені оларға жәбір-жапа көрсетіп, әбіржітіп-ренжіткендер ерте ме, кеш пе, өздері де солардың кебін киетіні анық. Пайғамбарымыз ﷺ «Ата-анаға жақсылық жасау  намаздан, оразадан, қажылықтан, умрадан және Алла жолында жиһад етуден артық», деген. Алла-Тағала ата-анаға  жақсылық жасаудың маңыздығын білдіріп, былай бұйырған: «Раббың тек өзіңе ғибадат етушілеріңді және ата-анаға жақсылық жасауларыңды қатаң түрде әмір етті» (Исра сүресі, 23 аят).

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу