maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Нәзік жандылар «Боулинг» ойынында бақ сынады

Ағымдағы жылдың 9 шілде күні Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында «Боулинг» ойынынан турнир өткізілді.

   Шараның мақсаты: Діндар әйелдердің басын біріктіре отырып, зайырлы ортаға бейімдеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.

Сайысқа жазасын өтеуші азаматтардың жұбайлары , Жоғары оқу орындары және колледж студенттері, сонымен қатар, қала тұрғындары қатысты.

 Төрт адамнан құралған төрт команда қатысып, барлығы он алты азаматша қамтылып, командалық турнирде белсенділік танытты. Ойын қызықты сәттерге толы болып, қатысушылар өз алғыстарын білдірді.

 Ұпай сандарын есептей келе «Мүсілима» тобы 762 ұпаймен  1-ші орын, «Жүйрік» тобы 679 ұпаймен 2-ші, ал «Кәусәр» тобы 672 ұпаймен 3-ші орынға ие болып дипломдар және сыйлықтар табысталды. Ал «Бірлік» тобы 654 ұпаймен 4-ші орынға ие болып алғыс хатпен марапатталды.

 

«Шапағат» ҚҚ баспасөз қызметі


Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу