maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

ЖАРАТҚАНҒА ДҰҒА ЕТУДІҢ МӘН-МАҢЫЗЫ

Адам – өте әлсіз, қажеттілігі көп, мүмкіндігі шектеулі, өмірі қысқа жаратылыс. Жер мен көктен, от пен судан, жын-шайтаннан келетін барша жамандыққа өздігінен төтеп бере алмайтын, ауру мен ажалға қарсы тұра алмайтын, әуре-сарсаңға көп салынатын тым осал тіршілік иесі. Бірақ соған қарамастан, арман-тілегі мен үміті таудай үлкен. Сонымен қатар, ол жанға, қанға, ризық-несібе, бала-шаға, денсаулық, уақыт, өмір, күш-қуат, су, ауаға, сол сияқты бұлардан басқа да мың сан нығметтерге мұқтаж. Жағдайдың ақиқаты осы. Олай болса, адам баласы бәрінен бұрын өзін жаратқан, жан берген, өмір сыйлаған Жаратушы иесіне мұқтаж.

Толығырақ ...

ҰЯТ – ИМАННАН

Абай атамыз он алтыншы қара сөзінде: «Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады» - деп, ұят жаратылысына сипаттама берген. Сондай-ақ «Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа алып, сөгіс қылған қысымның аты» деп анықтама да берген.

Толығырақ ...

БОС СӨЗ БЕН АМАЛДЫҢ АЙЫРМАСЫН БІЛЕМІЗ БЕ?

Бүгінде әркімнің өмір сүру стандарты бар. Жүріп-тұру, сөз сөйлеу, киім кию, адамдармен қарым-қатынас, сауда-саттық жасау – күнделікті тіршілік, міне осындай бөлшектерден тұрады. Алайда оған негіз болатын өлшемдерді қайдан алып жүрміз? Біреу кинодан, біреу журналдан, біреу шығыстан, енді біреу батыстан тәлім алады. «Ағаш ағашқа қарап сәнін алады, адам адамға қарап тәлім алады».

Толығырақ ...

ТІЛДІ ЖАМАН СӨЗДЕН ТЫЮ – АЛЛАНЫҢ ӘМІРІ

Бүгінгі қоғамға жетпей жатқан не нәрсе десек, ол – шынайы ықыласпен жасалған амал. Шынайы мұсылманша өмір сүру, сөзден іске көш.  Мысалы, қоғамды оттай отап жатқан өсек-сөздің жаман екенін кім білмейді. Жұрттың бәрі біледі. Алайда осы бір кесірлі кесел арамыздан азайып жатқан жоқ. Бір кездері ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тілін саусағымен ұстап тұрып, басқа бәленің сол тілден келетінін аңғартып кеткен жоқ па еді? Иә, орынсыз жерде сөз айтқаннан үндемеген абзал екенін, даналық үндемеуден басталатынын баршамыз да білеміз. Бірақ амалымыз оған кереғар. Неге?

Толығырақ ...

Біз неге білімімізге амал етпейміз?!

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Әй, мүміндер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар. Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Алланың қасында зор ашуға себеп болады» (Сафф, 2-3). Аятта айтылғандай ілімге амал етпеу Аллаһтың ашуына себеп болады екен.

Толығырақ ...

Имам Әбу Ханифа қандай ортадан білім алған?

Хазірет Омар (радиаллаһу әнһ) халифа болып тұрғанда Куфа қаласын салу туралы пәрмен бұйырады. Қаланың құрылысы һ.17 жылы аяқталады. Ол кезде Куфа қаласының маңайында араб тайпалары өмір сүретін. Жаңа қалаға қоныстанған халық пен маңайларындағы араб тайпаларына Құран Кәрім және дін негіздерін үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл қажеттілікті сезінген халифа Омар Абдулла ибн Масғудты  (радиаллаһу әнһ) уәзір әрі ұстаз ретінде Куфаға жібереді. Хазірет Омар (радиаллаһу әнһ) Куфа халқына жазған хатында былай дейді:

Толығырақ ...

ИМАМ АҒЗАМ ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ФИҚҺЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Имам Ағзам Әбу Ханифа фиқһ ілімінде қандай негіздер мен дәлелдерге сүйенген?

Ұлық имам Әбу Ханифа үкім шығару барысында сүйенген негіздер мен қолданған әдісі туралы былай дейді: «Мен әуелі Алланың кітабымен үкім беремін. Одан таба алмасам, Пайғамбардың (с.а.у.) сүннетімен үкім беремін. Егер Алланың кітабы мен пайғамбардың сүннетінен таба алмасам, сахабалардың пәтуаларымен үкім беремін. Алайда олардың пәтуаларының ішінен қалағанымды таңдаймын. Олардың пәтуалары тұрғанда басқанікін алмаймын. Ал, Ибраһим Нахағи, Шағби, Ибн Сирин, Хасан Басри, Ата немесе Сайд ибн Мусайяптың (бұлар табиғин буынының өкілдері) пәтуаларына келер болсам, олардың иждиһат еткендері сияқты мен де иждиһат етемін» [1. 264].

Толығырақ ...
Толығырақ ...

Балақ қысқартудың үкімі

Алла тағала адам баласын бүкіл жаратылыстардан үстем қылып, ерекше қылуының бір көрінісі – ұятты жерін жабуды әмір етуінде. Алла тағала:

يَا بَنِي آدَمَ قَدْ أَنزَلْنَا عَلَيْكُمْ لِبَاسًا يُوَارِي سَوْآتِكُمْ وَرِيشًا ۖ وَلِبَاسُ التَّقْوَىٰ ذَٰلِكَ خَيْرٌ ۚ ذَٰلِكَ مِنْ آيَاتِ اللَّهِ لَعَلَّهُمْ يَذَّكَّرُونَ

(Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік-бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине, түсінерсіңдер.)[1]

Толығырақ ...

Талақтың да таудай талабы бар

Айбек Аташев

теолог-дінтанушы 

«Неке –ерлі-байлы адамның тұрмысын бір-біріне байлайтын жіп. Бірін бірі көрмеген, бірін бірі сүймеген екі адамды неке сүйдіреді. Неке – махаббат жібі, ерлі-байлы адам қаншама бірін-бірі көрместік болып араздасса да, неке тұрған жерде махаббат үзілмейді. Ал, ерлі-байлы адамның жиіркенішті тұрмысына дәнекер болып тұрған жіпті үзетін бір нәрсе бар, ол – ТАЛАҚ!...» (Б.Майлин. Талақ, 47-б)

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу