maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-
Толығырақ ...
Толығырақ ...

Қажылық махшар майданын еске салғандай

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Жаман сөз сөйлемей және үлкен күнәға ұрынбай қажылығын өтеген кісі үйіне анасынан жаңа туғандай күнәсіз  пәк күйінде оралады» - деген (Бұхари, Мүслим). Жыл сайын миллиондаған мұсылмандардың басын қосқан қасиетті мекендегі атқарылатын Исламның бес парызының бірі – қажылық құлшылығы екендігі баршамызға белгілі. Сол қажылықтың бірден-бір ерекшелігі – дүниенің әр түкпірінен келген мұсылман қауымының бір сәтте жамағат болып құлшылық етуінде. Қажылық кезінде мұсылман қауымының әлеуметтік жағдайы, киген киімі, атақ-мансабы көзделмейді, барлығы бір келкі, «ихрам» деген аппақ матаға оранған. Қысқасы, бір жанұяның балаларындай. Ондағы құлшылық етіп жүрген мұсылмандарды көргенде Қиямет күні махшар майданындағы сынақ алаңын еріксіз еске түсіресің. Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде Махшар күні туралы былай баяндалады: «Сол күні кісі туысынан, шешесінен, әкесінен, әйелінен және балаларынан қашады. Ол күні әркімнің ісі ауыр (әркім өз халімен әлек)» (Абәсә сүресі, 34-37 аяттар).

Толығырақ ...

Құрбандыққа құрбаныңыз дайын ба?

Құрбандық – белгілі бір уақытта құлшылық ниетімен шалынатын ғибадат. Құрбандық шалу дүние-мүлік арқылы жасалынатын ғибадат әрі уәжіп. Бұл хижреттің екінші жылында міндеттелді. Құрбандық шалу қолыңдағыны Алла жолына жұмсай білу және ризық-несібелерге шүкіршілік етіп, алғысымызды білдіру деген сөз. Сонымен қатар бай-дәулетті кісілер шалған құрбан еттерінен кедей-кепшіктерге беріп, мұсылмандар арасында сүйіспеншілік пен бауырмашылдық сезімдерін нығайту. Сонда әл-ауқатты кісілермен қатар кедейлер де қуанышқа бөленеді.

Толығырақ ...

Қажылыққа барғанның бәрі қажы атана ма?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Жаман сөз сөйлемей және үлкен күнәға ұрынбай қажылығын өтеген кісі үйіне анасынан жаңа туғандай күнәсіз  пәк күйінде оралады» – деген екен. Ислам дініндегі бес парыздың бірі қажылық құлшылығының бірден-бір ерекшелігі – осында. Екіншіден, Қағба – кешірім Отаны және достықтың ұйытқысы да. Себебі Мекке топырағында әлемнің әр түкпірінен келген әлем мұсылмандары бас қосады.

Толығырақ ...

Құрбан айт – қасиетті мереке

Ислам дініндегі ұлық мерекелердің бірі – Құрбан айт. Ол хижра жыл санауы бойынша Зулхиджа айының оныншы жұлдызында басталады. Биылғы 24-қыркүйек – Құрбан Айттың алғашқы күні. Мерекенің басты ерекшелігі – Құрбан айт күндері шамасы келген әрбір мұсылман Алла тағаланың разылығы үшін құрбан шалады. Соған байланысты бұл мереке «Құрбан» мерекесі деп аталған. Ал, құрбан сөзі – «Алла тағалаға жақындау, Алланың разылығын табу» деген мағынаны білдіреді.

Толығырақ ...

Әбу Бәкірдің (а.с.) Ислам тарихындағы алғашқы қажылығы

Алла тағала қажылықты Ибраһим (а.с.) пайғамбардан бастап барлық адамзат баласына міндеттеді. Ислам діні келгенге пұтқа табынған араб даласында Ибраһим пайғамбар (а.с.) негізін салған қажылық салтының сарқыншақтары қалған еді.

Толығырақ ...

Қажылық кімге парыз?

Қажылық – исламдағы бес парыздың бірі. Құранда Алла Тағала былай бұйырады: «Қажылық және умраны Алла үшін толық орындаңдар» («Бақара»  сүресі, 196-аят). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде кім Алла Тағала ризашылығы үшін қажылық жасаса, жаман сөзден, жаман қылықтардан, күнәлардан сақтанса анасынан туылғандай пәк болып қайтады». Қажылықтың әр минутын құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізудің сауабы мол.

Толығырақ ...
Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу