maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Ораза – бес парыздың бірі

Ораза – Ислам дініндегі бес парыздың бірі. Ол Алла Тағаланың адамзат баласына хижридің екінші жылы парыз болып бекітілген. Бұл туралы Құранда ұлы Жаратушы «Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді», (Бақара сүресі) – деп ораза құлшылығының күллі иман келтірген мұсылман баласына парыз екенін баян еткен.

Толығырақ ...

Оразаның орасан зор пайдасы бар

Рамазан – тұнып тұрған  мейірім-шапағат толы  берекелі ай. Онда мың айдан қайырлы Қадір түні жасырылған. Сондықтан бұл айдағы рахмет пен берекетті кеуіп, құрғап қалған топыраққа шелектеп жауған берекет жаңбырындай мүмкіндік деп біліп, одан қажетінше пайдалану әрбір мұсылман үшін әрі мына дүние әрі ақырет азығы болмақ.

Толығырақ ...

Ораза, ойға – мұрат, бойға – қуат береді

«Ораза» сөзі парсы тіліндегі «руза» сөзінің қазақ тіліне енген түрі. Араб  тілінде «саум» және «сыям» деп  аталады.  «Саум»  сөзі  араб тілінде «бір нәрседен аулақ болу, бір нәрсеге қарсы өзін-өзі ұстау, бөгеу» деген мағынаны білдіреді.

Толығырақ ...
Толығырақ ...

Қуаныш пен мейірімге толы ораза айты

Рамазан айының артынша келетін ораза айты Ислам дінінде маңызды ерекше орын алады. Өйткені, бұл күндері мұң-мұқтажы бар адамдарға мұсылмандар пітір садақа таратады. Пітір садақасын үш күндік ораза айтынан бұрын беріп қою керек, яғни айт намазына дейін немесе Рамазан айының алғашқы күнінен бастап берсеңіз де болады. Пітір садақасы –  оразаның тәмәм болғанының белгісі.

Толығырақ ...

Қайта қауышқанша, Рамазан!

«Қасиетті Рамазан айы – адамдарға жол көрсетуші және тураны терістен айырудың айқын дәлелдері ретінде Құран түсірілген ай. Олай болса, сендерден Рамазан айына жеткендер сол айда ораза ұстасын...» (Бақара, 183).

Толығырақ ...

Иғтикаф дегеніміз не?

Иғтикаф дегеніміз – жамағатпен бес уақыт намаз оқылатын мешітте белгілі бір уақыт құлшылық жасауға қалу. Ол Рамазан айының соңғы он күнінде мешітте орындалады. Осы жағынан алғанда, иғтикаф Рамазан оразасымен байланысты.

Толығырақ ...

ОРАЗАНЫҢ ҮКІМДЕРІ

Құлдарын есепсіз рызықтандырған дара жаратушы Алла Тағалаға мың да бір шүкір. Сол ризықтарға шүкір етуіміз үшін біздерге оразаны үйреткен Алланың Елшісі Мұхаммед Мұстафаға салауат Оның пәкизат отбасына және жомарт сахабаларына сәлем.

Қазақ тілінде қолданыста жүрген ораза сөзі арабшада «саум» деп аталады.

Толығырақ ...

Мұсылмандар оразаны не үшін ұстайды?

Қасиетті Рамазан айы келіп, дүниенің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар ауыз бекітіп, ораза ұстап жүр. Алайда не үшін ораза тұтатынын әлі күнге дейін түсіне алмай жүрген бауырларымыз де жоқ емес.  Құлшылықтың мақсаты мен мәнін дұрыс ұғынбаған соң оразаға жеңіл қараушылық та пайда болды.

Толығырақ ...

Рамазан – Құран айы

Рамазан – он екі айдың сұлтаны. Исі мұсылман адам бұл айдың қасиетті екенін біледі. Алла тағала бұл айда адам баласына Құран-кәрімді түсірді: «Рамазан айы – адамдар үшін тура жол көрсететін, жақсылық-жамандықты айыратын дәлел түрінде Құран түсірілген ай» (Бақара, 185).

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу