maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Ғұсылдың шарттары

Ғұсылдың шарттары

Қытай медицинасына сүйенсек, адам денесінде 700-ден астам биологиялық белсенді нүктелер бар екен. Бұл нүктелердің 66-сы ең күшті, әрі әсерлі нүктелер болса, оның 61-і мұсылмандар дәрет алғанда су тигізілуі тиіс дене мүшелерінде орналасқан[1].

 

Олай болса, өзімізді рухани әрі сырттай тазалау үшін әрқашан дәретпен жүруге үйретейік, ағайын! Ол үшін алдымен бой дәреттің (ғұсыл) болуы –  шарт. Ғұсыл дегеніміз – денені толық жуу, шомылу. Яғни, шариғатымызда бекітілген рет, жүйемен бүкіл денені таза сумен жуу.

Ғұсыл құйынудың пайдасы адамның қайраттылығын арттырып, сергек жүруіне әсер етеді. Демек, ғұсыл құйыну мұсылман адамды әр дайым таза әрі сергек жүруге дағдыландырады. Қасиетті Құранда Раббымыз намаз оқу үшін дәретті болу қажеттілігін ескерткендей, ғұсыл құйынуымызды да бұйырып: «Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда жүздеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды екі тобыққа дейін. Егер жүніп болсаңдар толық тазаланыңдар!...»[2] - деп бой дәрет алудың, дәрет алуға болмайтын жағдайда ғұсыл құйынудың парыз екенін әмір етіп тұр.

 

Ғұсыл алу міндетті болатын жағдайлар:

 

  1. Ер немесе әйел кісінің жыныстық мүшелерінен мәни суының бөлінуі
  2. Хайыз немесе нифастың тоқтауы
  3. Мәйітті жуындырған соң
  4. Ұйқыда немесе ұйқыдан оянған кезде әйел немесе еркектің жыныстық мүшелерінен белгілі сұйықтықтың шығуы (дымқыл болып тұруы)
  5. Ғұсылы болмай Ислам дінін қабылдаған жанның ғұсыл алуы[3]

Осы жағдайлардан соң әр мұсылманға бой дәретін алу – парыз.

 

Ғұсылдың рүкіні:

 

Рүкін ол – «басты шарты» деген сөз. Демек, ғұсылдың басты шарты (рүкіні):  

  1. Бүкіл денені құрғақ жер қалдырмай жуу[4]. Яғни, ғұсылдың алғашқы шарты – дененің барлық жеріне су тигізу.

 

Ғұсылдың уәжіптері:

  1. Ауыз бен мұрынды шаю
  2. Сақал мен мұртты тарамдау
  3. Кіндік пен құлақтың ішін толықтай сумен жуу[5]

 

Ғұсылдың сүннеттері:

  1. Ниет ету
  2. Әурет жерді жумастан алдын бісмілләны  айту
  3. Денеде болған нәжістерді кетіру
  4. Екі қолды білезікке дейін жуу
  5. Мүшені тазарғанша жуу
  6. Ғұсыл алмай тұрып намазға дәрет алғандай дәрет алу
  7. Дененің бүкіл жеріне су тигеніне сенімді болу
  8. Дене мүшелерін үш реттен жуу
  9. Мүшелерді жуу арасында үзілістің болмауы

 

Ғұсылдың әдептері:

 

  1. Жуынып жатқанда ашық әуретті жерді құбылаға қаратпау
  2. Сырт көзге көрінбеу
  3. Суды үнемдеу
  4. Лас жерде ғұсыл құйынбау
  5. 5.     Ғұсылдан соң екі ракағат намаз оқу[6]


[1] https://baq.kz

[2]Мәида 5/6 аят

[3]Тухфатул фуқоһә ықшамдалған нұсқасы 10-бет

[4]Тухфатул фуқоһә ықшамдалған нұсқасы 18-19-бет

[5]Тухфатул фуқоһә ықшамдалған нұсқасы 19-бет

[6]Тухфатул фуқоһә ықшамдалған нұсқасы 19-20-бет

Медиа

Осы категориядағы басқа материалдар: « ДӘРЕТ АЛУДЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ
Жоғарыға