maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

ДӘРЕТ АЛУДЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ

Ислам діні барша адамзат баласын ең алдымен тазалық пен пәктікке шақырады. Тіптен дініміз үшін жан мен тән, сөз бен іс тазалығының алар орны зор. Жаратқан иемізге жалбарынып, құлшылық жасаудың алдында да дәрет алып тазаланамыз. Дәрет алуға, тазалануға жеңіл қарауға болмайды. Сондықтан осы мақаламызда дәреттің маңыздылығына тоқталғанды жөн көрдік. Дәретті арабтың «удуъ» деген сөзінен шыққан. Тазалық, әдемілік деген мағыналарды білдіреді.

Толығырақ ...

ДӘРЕТТЕГІ КҮМӘННАН ҚАЛАЙ АРЫЛУҒА БОЛАДЫ?

Дәретханадан шыққан соң киімге зәр тамшысы тамғандай болуы тек күмән ғана. Ал, шариғат қағидасы бойынша күдік (нәжіс) анық жайтты (дәретті) бұзбайды. Себебі, нәжіс тамғаны анық емес, күдікті. Ал, алған дәреті анық қимыл-әрекет. Фиқһ қағидасында болса: «Анық жайт күмәнмен жойылмайды[1]», – деп көрсетілген. Бұған қоса, мынадай екі ықтимал жағдай болуы да мүмкін.

Толығырақ ...

Дәрет алу үлгісі

1. Ниет.

Балақты түріп, екі қолды шынтаққа дейін сыбанып, «Ә’узу» мен «бисмиллаһты» айтып  дәрет алуға іштей ниет етеді.

 

2. Қолды жуу.
Қолды білекке дейін саусақтардың арасын және саусақтардағы сақина, жүзіктердің астына да су тигізіп жуу керек.

 

3. Ауызды шаю.
Оң қолмен үш рет су алып ауыз шайылады.

 

4. Мұрынды шаю.
Үш рет оң қолымен мұрынға су тартылып, сол қолымен сіңбіріледі.


5. Бетті жуу.
Маңдай мен қоса құлақ басталған тұс пен иек астына дейін үш рет бет жуылады.

 

6. Оң қолды жуу.
Оң қол шынтақпен қосыла үш рет жуылады.
       

7. Сол қолды жуу.
Сол қол шынтақпен қосыла үш рет жуылады.            

 

8. Басқа мәсіх тарту.
Шынашақпен бірге үш саусақ ұшпа-ұш келтіріліп, маңдайынан желкеге дейін осы үш саусақпен мәсіх етіледі.
       

9. Құлаққа мәсіх тарту.
Сұқ саусақпен құлақтың ішіне, бас бармақпен құлақтың  сыртына мәсіх  тартылады.           

 

10. Мойынға мәсіх тарту.
Екі қолдың сыртымен мойынға мәсіх тартылады.
       

  

11. Аяқты жуу.
Оң аяқтан бастап саусақтарының  арасын, тобықтарымен бірге үш мәрте жуады. Осылайша сол аяқты да жуады. Әсіресе өкше мен тобықтардың жуылуын мұқият қадағалау қажет.

 

12. Қолды қайта шайып дәретін тәмәмдайды.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу