maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

ОТҚА ТАБЫНАТЫН МӘЖУСИДІҢ ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАУЫ

Қасиетті Құранда: «Алланың құзырында  қабыл болатын жалғыз хақ дін Ислам» делінген аят бар («Әли-Имран» сүресі, 19-аят). Дін деп адамзат баласын мәңгілік бақытқа жетелейтін ізгілік жүйесін айтамыз. Исламды араб, қазақ діні немесе славянның, еврейдің діні деген секілді ұлттарға, ұлыстарға бөліп қарауға болмайды. Ислам – барша адамзат баласына жіберілген дін.

Толығырақ ...

ИСЛАМ ҰҒЫМЫНДАҒЫ ЖИҺАД ДЕГЕН НЕ?

Қазір дін десе шошитын заман болып қалды ғой. Оның себебі көп болса керек. Бірақ ең біріншісі, діни сауатсыздық.  Өмірінде діни кітап оқымаған, қасиетті Құранның бетін ашпаған адам жұрттың сөзіне, көпшіліктің ісіне қарап дінге қорқынышпен қарауы заңды да сияқты. Өйткені бүгін Ислам басқа, мұсылман басқа, Құран оқу басқа, Құранды терең ұғынып түсіну басқа болып қалды. Сондықтан бүгін діни бағытымызды мұсылманға  қарап емес, Исламға қарап түзеуіміз керек.  Шынында да, Ислам деген қандай дін? Құран деген қандай кітап?

Толығырақ ...

Өз болмысымыздың сырын Құраннан іздесек...

Жаратылыс туралы ой өрбіткенде, күллі болмыстың өзегі адам баласы екенін көреміз. Жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі, барлық табиғи құбылыстар адамзаттың игілігіне қызмет етуде. Қасиетті Құранның өзінде де ең алдымен адамның тәрбиесі мен өмірлік бағыт-бағдары қамтылған. Қай дәуірде болмасын, адам деген кім, ол не үшін жаратылған,  қайдан келген, қайда барады, оның жаны қандай нәрсе, тәнінде қандай ерекшеліктер бар деген сұрақтарға жауап ізделіп келген.

Толығырақ ...

БАЛАҒА АҚ СҮТ БЕРУ – АЛЛАНЫҢ ӘМІРІ

Қасиетті Құранда айтылған ұлы құндылықтарды қазақ халқы дархан мінезімен қабылдап, оларды төбесіне көтеріп қадірлеген. Күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты болса да,  мінез-құлық, қадір-қасиетке қатысты болса да, Алла Тағаланың кез келген бұйрық-тыйымдарын қазақ ұлты тұрмыс-салтына қабыстыра қабылдаған.  Сондай бұйрықтардың бірі баланы емізу хақында.

Толығырақ ...

ҚҰРАНҒА АМАЛ ЕТУ – КЕМЕЛ ИМАННЫҢ ЖЕМІСІ

Бүгінгі таңда Құран аяттары маған, яғни менің жеке өзіме бағытталып тұр деп ұғып, оның мазмұнына терең үңіліп оқу жетіспейді десек, артық айтқанымыз емес. Қасиетті кітабымызды осындай көзқараспен қабылдаған жағдайда оның Алладан ғана түкеніне де көзіміз анық жетеді. Өйткені ондай терең мазмұнды қамтитын кітапты жер бетіндегі адамдар жазды  немесе оқу мен жазуды білмеген, мектеп-медресе бетін көрмеген Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) ойынан шығарды деп ойлаудың өзі – нағыз ақылсыздың ісі. Мысалы, «Фуссилат» сүресінің 12-аятына назар аударып көрейік: «Сөйтіп,  Ол көкті екі күнде жеті қат көк етіп қалыптастырды да, әр аспанға өз ісін (міндеттерін) білдіріп, аян берді».

Толығырақ ...

ЕҢ ҚАЙЫРЛЫ ҮШ ЖИЫН

Қай кезеңде де жақсылық пен жамандық қатар өмір сүріп келген, өмір сүре береді де! Өйткені, әлі де адамзат баласына жақсылық жасауға жаны құмар жандар мен тек зиян келтіріп, қиянат жасаумен айналысып жүретін екі қауым бар. Ақ пен қара айқасқан бұл өмірде сол екі түрлі қауым өз ниеттерін жүзеге асырып келеді. Оның бірі туралыққа, әділдікке, екіншісі қастандыққа, зұлымдықты ниет етеді.

Толығырақ ...

ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫНА БӨЛЕНУДІҢ ҚҰПИЯСЫ НЕДЕ?

Жан тыныштығын әркім әрқалай түсінеді. Ол заңды да. Өйткені, жан тыныштығы барша адамзатқа қажет нығмет. Сондықтан кім болса да жан рахатын іздейді. Соған жетуді арман етеді. Жан тыныштығына жеткізер жол да бірдей емес. Біреулер бақытты дүниеден, біреулер байлықтан, біреулер нәпсәни ләззаттан іздейді. Ал, біреулер ұрпақ қызығынан жан тыныштығын тауып, өзін бақытты адам санап жатады.  Демек, дүниеде қанша адам болса, сонша жан тыныштығын сыйлайтын құндылықтар қатарын тізбелей беруге болады. Дегенмен, қоғамда жан тыныштығын тауып, өзін бақытты санайтын адамдардың қатары көп емес. Керісінше, қан қысымының көтерілуі, жүрек ауруы, депрессия, өз-өзіне қол жұмсау фактілері өте көп. Осының себебі не? Неге осылай?  Тереңірек қарап отырсақ, мұның бәрі түптеп келгенде, жүрек қалауына байланысты. Өз қалауына жете алмай аласұрған жүрек дүниенің ешбір қызығына алданбайды. Бұқар жырау атамыз не дейді, қараңызшы:

Толығырақ ...

ҚҰРАН МІНСІЗ, ҚАТЕСІ КӨП ПЕНДЕНІҢ...

Ғылым деген не? Ол не үшін керек? Осы бір сұрақтың жауабын ойға оралымды, санаға сіңісті болуы үшін бейнелі сөзбен сипаттап көрелік. Айталық, адам дүниетанымы үлкен бір егіс даласы делік. Егіс даласының бір алқабында уақыт сынына төтеп бере алатындай тәжірибелер жасалып, соның негізінде қорытынды тұжырымдар айтылып жатады. Міне, біз мұны ғылым дейміз. Ал, бұдан тереңірек зер салсақ, белгілі бір сала мамандары белгілі-бір тақырыпты тәжірибе негізінде бүге-шігесіне дейін зерттеп, ақыл мен қисынға қонымды ережелерді қоғам руханиятының игілігіне ұсынып жатады. Мұны біз ғылым деп айтамыз. Бұл анықтама көбінесе, химия, физика, астрономия сияқты нақты ғылымдарға сай келеді.

Толығырақ ...

Фатих сүресінің түсу тарихы

Қасиетті Құранда «Әл-Фәтих» деген ғажап сүре бар. Әлбетте, Құранның әрбір сүресі, әрбір аяты ғажап қой. Бірақ бұл сүрені ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өте үлкен тебіреніспен қабылдап алған болатын.

Бір сапарда Омар ибн Хаттаб сүйікті Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) қатарласып келе жатады. Бір кезде Алла Елшісінен (с.ғ.с.) бір нәрсе сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жауап бермейді. Екінші рет сұрайды. Тағы үндемейді. Үшінші рет те ләм-мим деп жауап қайырмайды. Сонда Омар (р.а.) өзіне-өзі: «Анаң сені жоғалтып алғыр, Омар-ай! Алланың елшісіне (с.ғ.с.) бір сұрақты үш рет қойдың ғой...» Осыдан кейін болған оқиғаны хазірет Омар былай деп әңгімелеп береді: «...Осыдан кейін түйемді жылдам жүргіздім де, адамдардың алдына қарай шығып кеттім.

Толығырақ ...

«Әлем» сөзінің құпиясы неде?

Әрбір сөздің астарында терең мән-мағына жатады. Мысалы, қазақ тілінде «әлем» деген сөз бар. Оның қазіргі мағынасы баршамызға түсінікті. Оны қазір «дүние жүзі», «ғалам»  деген мағынада ұғамыз. Енді бұл сөз әу баста қайдан шықты немесе қай тілден енді? Сөз астарына тереңірек үңілсек, сөздің шығу төркінінің жаратылыс құдіретімен астасып жатқанын көреміз.  

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу