maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Сәләфилік иедологияның ғылымға қарсы пікірі

Сәләфилік иедологияның ғылымға қарсы пікірі

«Жер ғаламшары домалақ пішінді және Ол өз осінен айналып тұрады» деген қағида заманауи ғылыммен нақты дәлелденген. Бұл мәселеде Құранмен және сүннетпен бірге Ислам ақидасында да ешқандай талас жоқ.

 

Дегенмен бүгінгі таңда адасқан ағымдар өткен ғасырлардағы хашауилер мен мұшаббиһалардың (Алланың сипаттарын жаратылысқа ұқсатушылар) ақидасын қайта жаңғыртып, «Алла аспан тарапында орналасқан» деген ұғымдарын ақиқат деп түсінеді. Олар бұл ақидаға сенгенімен қоймай, бұл ақиданы мойындамаған мұсылмандарды діннен шыққан кәпір деп есептейді.

Бұл топтың басшылары Жер шарының домалақ пішінді екенін ғылым тарапынан қабылдауды тәуекел деп біліп, Жер шары жөніндегі ақиқатты жоққа шығаруға тырысып бағуда. Олар адамдарды бұл мәселені үйренуден қайтарып, оны үйрену құдайсыздыққа алып барады және Алланың сипаттарын қабылдамауға себеп болады деп жар салуда. Олар бірінші өздерін қала берді барша мұсылмандарды әлем алдында күлкіге қалдырды. Сондықтан Жердің домалақтығы және өз осінде айналатыны бүгінде дәлел қажет етпейді. Тіпті бастауыш сынып оқушысыда білетін ақиқат.

Мәзһаб ұстанбайтындардың өз ғалымдары Ибн Баз, әл-Усаймин және басқалары Жер домалақ пішінде емес, ол қозғалмайды, Жер Күнді айналмайды, керісінше Күн Жерді айналады деп пәтуалар берген. Білімсіздік дәрежесіне жеткендігі соншалық – тіпті Сауд Арабияның экс-мүфтиі Ибн Баз өзінің «الادلة العقلية والحسية على جريان الشمس وسكون الأرض» (Күннің айналуына және Жердің айналмауына ақли және хисси дәлелдер) атты кітабында: «Жерді «айналады» деген адам – кәпір, оның өмірі мен мүлкі халал болады», – деп пәтуа берген.

Ибн Баз осы кітапшасында«Күн бір орында тұрады және Жерді домалақ деген пікір қабылдауға қисынсыз әрі жиіркенішті дәрежедегі үкім! Кімде-кім Жерді айналады, Күнді қозғалмайды (айналмайды) десе, ол адам шынында кәпір және адасушылықта болады. Мұндай адамды тәубеге шақыру уәжіп болады. Егерде тәубеге келуден бас тартса, кәпір және мүртәд (діннен шыққан адам) секілді өлтіріледі. Олардың мал-мүлкі тәркіленіп, мұсылмандардың зекет қорына тапсырылады»[1] - деген үкім шығарған.

Шынында, түркі тілдес халықтар – өз кезегінде зайырлы білім мен діни білім алуды бір-бірімен ұштастыра білген  дана халық. Солардың бірі  Әбу райхан әл-Бируни (973-1048жж) Шығыста алғашқы болып, Жердің Күнді айналатыны туралы ой қозғаған.

Жердің өз осімен айналатындығын алғаш айтқан ғалымдардың бірі;

Жер көлемін есептей алды. Оның бұл жолдағы тәсілі «Бируни ережесі» деп аталды.

Мұхаммад Мұса әл-Хорезми (783-850жж): Жер шарының көлемін анықтау үшін жер меридианы доғасы градусының ұзындығына арнайы зерттеулер жүргізген[2].

Байғанымыздай алғашқы он ғасырдағы ғалымдарымыз жер туралы, астрономия ғылымы жайлы өз тұжырымдарын келтіріп өткен. Дегенмен, бұл кісілер өз пікіріне қосылмағандарды діннен шығарып айыптап, өлтіру қажет деген үкім айтпаған. Жоғарыдағы сәләфилік идеологияның жақтаушылары ғылымға қатысты өз пікірлерін білдіріп қана қоймай, оны мойындамай, қарсы шыққандарды діннен шығарып, адасушы деген үкім берген. Мұндай пәтуа қазаққа қажет пе? «Дінде зорлық жоқ...»[3] деген Құрандағы ескертудің мәні қандай болмақ?!

Қазіргі ғылым жерді сопақ пішіндес екенін дәлелдеген. Бұл ақиқат жайлы Құранда «Одан соң Жерді жұмыртқа тәріздес етті»[4]. Аяттың арабша нұсқасындағы «дәха- دَحَاهَا» етістігі бірнеше мағынаы білдіреді. Мысалы: төседі, орады, лақтырды, дөңгелетті [8].

Сондай-ақ, араб тілінде түйеқұстың (страус) жұмыртқасын да «дихя» деп те атайды. Осыған орай, аталмыш аяттағы «дәха» етістігін «дихя», яғни, «жұмыртқа» сөзімен де қатысы бар екенін ескере отырып, жоғарыдағы аятқа «жерді жұмыртқа тәріздес етті» деп түсініктеме беруге болады (ескілікте жазылған тәпсірлерде "төседі" деген ұғым берілген). Демек, қасиетті Құранда жердің пішіні жұмыртқа сияқты аздап сопақтау, сфероидтық формада екендігі ашық айтылған десек қателеспейміз. Бұл  қазіргі ғылыммен ұштасып отыр[5].

Қазақ топырағында Ислам діні сонау IX ғасырдан бері өркендеп дамып келеді. Сол ғасырдан бері өмір сүрген ешбір ғалым, ешбір халық зиялысы жоғарыдағыдай тұжырым жасап, үкім бермеген. Сондықтан мұсылман бауырлар барша адамзатты өзінің ғылымға қатысты  пікірін мойындамағаны үшін  діннен шығарып, кәпір үкімін берген адамды қалайша ғалым санауға болады? Мұндай пәтуашылардың ұстанымы Исламның қайнар көздеріне, сондай-ақ, түркі тілдес халықтарының дүниетанымына қайшы.

 

Мұрат Мұстафаев



[1]Әдилләту әл-ақлияту уәл-хиссияту аьлә жәряни әш-шәмшу уә сукун әл-аьрд

[2]Әдістемелік құрал Қарағанды 2015ж.

[3]Бақара сүресі 2/256 аят

[4]Назиғат сүресі 79/30 аят

[5]http://islam.kz

Медиа

Жоғарыға