Келіннің сәлем салуы шариғатқа қайшы ма?
- Бөлім:  Ақида
- Бірінші болып пікір айтыңыз!
- Оқылды:: 375 рет
Ұлттық болмысымызға тән ерекше рәсімнің бірі – келіннің үлкендерге құрмет көрсетіп, ізеттілікпен иіліп сәлем салуы. Мұны теріске шығару – ең алдымен, сауатсыздық. Бүгінгі ақпарат ғасырында дәстүрлі теріске шығару арқылы елдің тыныштығын алып, шырқын бұзу бәз біреулердің бірнеше жылдарды алға тастап жоспарлаған сұрқия саясаты болуы мүмкін. Негізгі мақсаты – асыл дініміздің атын жамылып, халықтың арасына іріткі салу, жік-жікке бөлу. Ынтымағы жарасып, «берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» деген қазақ халқының ауызбіршілігін жойып, бір мұсылманды екінші бір мұсылманға айдап салумен ел ішінде шу шығарып, берекесіздікті өршіту, көздеген теріс мақсаттарына қол жеткізу. Ол көздеген мақсаттары Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр жеріміз, Менделеевтің бүкіл элементі кездесетін географиялық байлығымыз болуы ықтимал.