maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ тақырыбында облыстық деңгейде ауқымды семинар өтті.

Тұрғындарды діни экстремизмнен алдын-алу үшін, діни деструктивтіліктен сақтау мақсатында Атырау облысындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмыстарын кеңейту мәселелерімен, ағымдағы жылдың 26-27 сәуір күні жоспарға сәйкес «Ақпаратттық-түсіндіру жұмысын жетілдіру мәселелері» тақырыбында облыстық екі күндік семинар өтті.  Семинар Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы ҚҚ ұйымдастыруымен атқарылды. Аталмыш семинарға Дін істері басқармасының мамандары, Ақпараттық-талдау орталығының басшысы, облыстағы және аудандағы мамандары, облыстық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері, Шапағат қоғамдық қорының теологтары, дінтанушылары, психологтары қатынасты.

Толығырақ ...

Дін маманы балгердің өзіне жүгінген адам туралы ақпаратты қайдан білетінін айтты

Елімізге белгілі дінтанушы, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Бақытжан ЖОЛДАСОВ исламдағы «мұғжиза», «керемет» және «сиқыр» деген ұғымдарға түсінік берді.

Толығырақ ...

Дін мен дәстүр сабақтасқанда қоғамда иммунитет қалыптасады

-          Соңғы кездері ислам дінін халыққа түсіндірудің ұғынықты формасын енгізу туралы  мәселе жиі көтеріле бастады. Сіздіңше ол форма қандай болуы керек?

 - Исламның ұғынықты формасы әсіресе діннен аса көп хабары жоқ бауырларымыз үшін аса маңызды. Айталық, дінге қызығушылық танытқан баласы әкесіне сұрақпен келетін болса, әр мұсылманда ұрпағына қанағаттанарлық деңгейде жауап беретіндей деңгей болуы керек. Мысалға, Аллаға сыйыну дегеніміз не? Пайғамбар дегеніміз кім? Ғибадат дегеніміз не? Намаз дегеніміз не? Намаздың пайдалары, ораза ұстаудың мәні, адамдармен қарым-қатынас, көркем мінез деген сияқты мәселелерді әрбір индивид, әрбір ата-ана білуге міндетті.

Толығырақ ...

«Отты нүктелердегі» қанша баламыздың жетім қалғаны белгісіз

Кеңшілік ТЫШХАН, дінтанушы ғалым:

 

- Сирия  ылаңына тікелей жауапты «ДАИШ талқандалды» деп АҚШ бірнеше мәрте мәлімдеме жасағанымен, кей әлемдік ақпарат агенттіктері аталған лаңкестік ұйым жақтастарының, яғни содырлардың Ирак, Ауғанстан, Пәкістан территориясына қарай ойысып жатқанын хабарлауда. Былайша айтқанда, олар жаңа ұяшықтарға бекініп жатыр. Қазіргі аралықта біздің мемлекетіміз қандай   қауіпсіздік шараларын қолға алуы керек? Себебі, Сирия соғысын қолдайтын әсіре діншілдер өз арамызда да бар.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу