maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Қазақ ойшылдарының дәстүрлі діни дүниетанымы

Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы Құран-кәрім, Хадис-шәріп, Шариат секілді исламның қайнар көздерiден бастау алып, дәстүрлі ислам арнасында қалыптасты. Жалпы дәстүрлі ислам дегенде, Қазақстан жеріне ислам Хижаз бен Хорасан жерлерінде қатаң әһл әл-хадис мектебіне тән ортодоксалдық күйінде тарала қойған жоқ. Жергілікті  мұсылман жамағатының басым бөлігі діни ұстанымы мен көзқарастарында ақидада самарқандық матуридилік ілімді, фыкхта ханафилік мазхабты  басшылыққа алады. Құлшылық, ғибадаттарында ата-баба жолын ұстанатындықтан, оларды «дәстүрлі мұсылмандық сенімдегілер» деп атау әдетке айналған.

Толығырақ ...

Омар ЖӘЛЕЛ. Мұсылмандық бес парызбен толықпайды

Мұсылманның парызы қайсы? Міндеті не? Құлшылық пен тіршілік қайтсе қабысады? Бүгінгі күннің әрбір мұсылман баласына ой салатын әңгімені филология ғылымының кандидаты, профессор Омар Жәлел тарқатып берді. Назарларыңызға ұсынамыз.

Толығырақ ...

Балғабек Мырзаев . ҚҰРАНДА БІЛІМ АЛУ ОРАМАЛДАН БҰРЫН ПАРЫЗ БОЛҒАН

Білім және ғылым министрлігі барлық орта мектептер, колледждер, лицейлер үшін міндетті форма талаптарын бекіткен. Ол білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары оқушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешелік белгілерін жоюға бағытталғаны белгілі. Сонымен қатар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай мектеп формасының үлгісін, түсін регламенттейді. Алайда, бүгінде еліміздегі орта білім беру мекемелеріне қыз балалардың орамал тағып келуі мәселесі өзекті болуда. Осыған орай, теология ғылымдарының докторы, белгілі дінтанушы Балғабек Мырзаевпен әңгімелескен едік.

Толығырақ ...

ЕКПЕ – ҚОҒАМҒА ОРТАҚ МӘСЕЛЕ немесе екпе алуды міндеттеу керек пе?

Бүгінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы кеңінен талқылануда. Аталмыш заң жобасы 13 заңнамаларға енгізілетін 47 өзгерістерден құралады.

Толығырақ ...

Қалмахан ЕРЖАН . Ата-ананы сыйлау жиһад жасаудан да жоғары

Діни мәселелерге байланысты перзенті ата-анаға деген құрметін жоғалтқанын, ағайынның арасы алыстай түскенін қоғамда көріп жүрміз. Неге дінге бет бұрдық деген кей жастардың ата-анаға құрметі кеміді? Ата-ананы сыйламау әдепсіздік пе, әлде, күнә ма? Келіннің үлкендерге сәлем салуы шынымен де ширк пе? Осы және өзге де сұрақтарға «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің доценті, белгілі ислам зерттеушісі, ғалым Қалмахан Ержан «Kazislam» порталына жауап берген еді.

 

Толығырақ ...

Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы – дер кезінде қабылданған құжат

Бүгінде әлем елдерінде дін мен оның құндылықтарының халық пен қоғам өміріндегі орнының маңызы артып отырғанын көріп отырмыз. Дін мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі.

Әлемдегі діннің дүмпуі Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Тәуелсіз қазақ елінде діни жаңғыру үдерісі ұлттық дәстүр мен құндылықтардың қоғам өміріндегі рөлінің артуынан және жастар арасында діндарлық деңгейінің өсуінен байқалады. Мысалы, мешітке барып жатқан жамағаттың 70 пайыздан астамы жастар десек қателеспейміз. Ғаламтор желісіндегі діни сайттардың оқырмандары, фейсбук (facebook), вк (vk), инстаграм (instagram), твитер (twitter) сияқты т.б. әлеуметтік желілердегі діни топтардың басым бөлігі тағы жас буын. Желіде діни мазмұндағы мақалалар мен әңгімелерді, діни мәтіндер мен аят-хадистерді, фатуаларды (діни шешімдер мен үкімдерді) бір-бірімен бөлісетін де осы – жастар.

Толығырақ ...

Ершат Оңғаров. ТАЛАҚ ДЕП ТАҚЫЛДАҒАНДАР ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА БАЛТА ШАБАДЫ

Жасыратыны жоқ, қазір елімізде шайқалған шаңырақтар мен ойран болған отбасылар саны күн санап көбеюде. Оған енді «Талақ!» деп тақылдайтын жастар шығып жатыр. Бұрын қазақ қоғамында ақ неке деген ұғымның орны қандай еді осы?

Неке халқымызда қасиетті ұғым. Сондықтан оны жәй ғана неке деп емес, ақ неке, ақ некелі асыл жарым, құдай қосқан қосағым, ақ отауым, ақ шаңырағым деп ерекше құрметтеген. Асыл аналарымыз бен ардақты әкелеріміз қара басының қамынан отбасы-ошақ қасының татулығын бірінші орынға қойған. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Бұрын әжелеріміз отбасында болып жатқан түсініспеушіліктерді сыртқа білдірмеген. Барлығын ақылмен, сабырмен өзара шешіп отырған.  Қашан да «ұят болады» деген сөз саналарында тұратын.

Толығырақ ...

Досай Кенжетай. Исламда қыз балаға бірінші кезекте орамал емес, білім алу парыз

Қазіргі таңда қоғам мен мектеп арасында хижап мәселесі жиі дау тудырып, өзекті дүниеге айналды. Өзге ұстанымдағы қандастарымыз зайырлы мемлекеттің заң талаптарын елемей, қыздарын жалпы білім беру ошақтарына тұмшалап жіберуі көпшілік тарапынан талқыға айналғаны қашан. Бір қызығы, балиғатқа толмай басына «қара жамылған» қаракөздерді қолдайтындар да бар. Ұлттың ертеңін ойлап, улап-шулағандар да жетерлік. Мәселенің мәнісін философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетайдан сұраған едік…

Толығырақ ...

ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с) ОРНАТҚАН ДІНАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ

Пайғамбардың (с.ғ.с.) басқа дін өкілдерімен жасаған қарым-қатынасын Құрандағы: «Кафирун» сүресіндегі «Сендерге өз діндерің маған өзімнің дінім» аяты анық баяндайды. Ол замандарда Араб жазирасының халықтары түрлі дінді ұстанды. Олардың арасында христиандар, яхудилер, отпарастар, пұтпарастар және сол сияқты т.б. сенім ұстанушылар болды. Пайғамбардың осы замандарда басқа дін адамдарына көрсеткен толеранттылығы парасатты адам үшін үлкен ғибрат.

Толығырақ ...

Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі

Жуырда  Атырау облысы Білім беру басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін №25 Б.Момышұлы атындағы мектебінде «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты кездесу өтті.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу