maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

ИТАЛИЯДА ЕРЕКШЕ ҒИБАДАТХАНА БОЙ КӨТЕРІП КЕЛЕДІ

ИТАЛИЯДА ЕРЕКШЕ ҒИБАДАТХАНА БОЙ КӨТЕРІП КЕЛЕДІ

Италияның солтүстігінде ерекше ғибадатхана бой көтеріп келеді. Құрылысшылар Адда өзенінің жағасына бөрене тұғырлар орнатып жатыр. Бұл – ғибадатхананың уақытша ағаш дуалы. Тіреуіш ретінде 108 емен отырғызылады. Кейін ағаш дуалды қиратқан кезде қаз-қатар бой көтерген емендер 18 метрге дейін өсіп, ғибадатхана қабырғасын қалайды. Дегенмен, нысанның өсіп-жетілуі үшін 20 жыл керек екен.

Мұндай ерекше идеяның авторы – архитектор Джулиано Маури. 2009 жылы қайтыс болған архитектордың тың жобасын енді оның ұрпағы жүзеге асыруда. Бұл – архитектордың жобасымен Адда өзенінің жағасында бой көтерген жалғыз ғибадатхана емес. Осы сынды нысандар Бергамо мен Вальсуганеде де бар. Онда 15 жылдан бері өсіп келе жатқан ғибадатхана жыл санап, туристерді қызықтыра түсуде

Жоғарыға