maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Жұмадағы жәрмеңке

Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні «Иманғали» орталық мешітінде Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-нің тапсырысы аясында «Шапағат» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен  ұйыма Халал өнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде үй жағдайында әзірленген кондиттерлік өнімдер мен   «Халал» маркалы тауарлар сатылды.

  Әйелдер жамағаты өздері дайындаған тағамдарын алып келді. Алайда отбасылық жағдайларына байланысты өздері  жәрмеңкеге қатыса алмады.

Бүгінде елімізде адал ас тұтынғысы келетіндер өте көп. Бұл біздің мұсылмандығымыздың белгісі. Адал ас арқылы біздің сеніміміз бен бір-бірімізге құрметіміз, болашаққа деген үмітіміз, мейріміділігіміз арта түседі деген ниетпен аталмыш шара Қасиетті Жұмағада өткізілді.

 Шараға «Шапағат» ҚҚ психологы С.Нұрбекова, теолог мамандары Н.Жетпісбай, М.Рустамқызы, А.Нургалиева және «Шапағат» ҚҚ-ның баспасөз тілшісі Ж.Жұмағалиева, басқа да  теолог мамандар   қатысты.  Жұма намазына жиналған жамағат намаздан кейін жәрмеңкеде сатылған тағамдардың барлығын өз қажеттіліктеріне қарай сатып алды. 

 

Толығырақ ...

Балаларға қуаныш сыйла!

       «Жетім көрсең, жебей жүр» деп дана бабаларымыз жетім-жесірін жылатпаған. Адам баласының бәрінің баратын жері – біреу. Бірақ біреуге – ерте, біреуге кеш. Жастай үзілген жандардың артында еңіреп аяқтанбаған ұрпағы қалады. Тұл жетім қылған тағдырға дауа бар ма, ал қазіргі заманда жетімнен тастанды бала көп. Жетімін жылатпауға Үкіметіміз барынша жағдай жасаған. Оларды жан-жақты қолдайтын заң да бар, қаржы да аямай бөлінуде.

        «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы мен Атырау селолық мұсылмандар мешітінің жамағатымен бірлесіп, Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінде Құрбан Айт мерекесіне орай «Балаларға қуаныш сыйла» атты қайырымдылық шарасын өткізді. Аталмыш шараға Қоғамдық қордың теологтары мен қызметкерлері, мешіт жамағаттары қатысып балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлауға барынша ат салысты.

         Шараны Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің директоры Гүлсара Аманғалиқызы ашып, балалар үйінің тәрбиеленушілерінің жетістіктерін атап, қайырымдылық шараның мақсатын айтып өтті.

          Іс — шара барысында  аталмыш  балалар үйіндегі  тәрбиеленушілеріне ойындар өткізіп, жүргізген қаламыздың белгілі асаба Дюсеналиев Роман балалардың өнерін бағалап, өлең оқытып, көңілдерін бір марқайтты.

        Мұндағы мақсат жасаған қайырымдылықты мақтаныш ретінде көрсету емес, қайта өзге жамағаттарға ой салу, жақсылықтан құр қалмай қайырымдылық шараларына үлес қосуға үндеу, Құрбан Айт мерекесін балаларға түсіндіру, қамқор болуға баулу.

         Мерекелік шараның соңы түрлі тәтті тағамдар мен  сыйлықтар  тарту етіліп, далада орналастырған «Батут» ойынын тамашалауемен жалғасты.

         Балалар үйінің басшылығы мен тәрбиешілері тарапынан Алла Тағала барша жасаған жақсылықтарына разы болып, отбасыларына амандық, кәсіптеріне береке берсін деген тілектер жаудырды. Бабаларымыздың «Қарғыс алма, бата ал» дегені осы шығар.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу