maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Боянып намаз оқыса бола ма?

Боянып намаз оқыса бола ма?

Құрметті сұрақ сұраушы, Исламда әйел адам өз ері үшін боянып, әдеміленеді. Ал, бөтен еркектің назарын аудару мақсатында боянуды дініміз құп көрмейді. Сондықтан да, үйінде боянып, намаз уақыты келісімен сол боянған күйі намазға тұрып жатса, оның күнәсі жоқ, иншаАлла. Тек пайдаланған косметиканыңыздың құрамы доңыз майынан ада болуы тиіс. Өйткені, доңыз майы  – намазға кедергі.

 

Ал, енді, абзалы қайсы десеңіз, әрине, дәрет алған соң боянбай тұрып намаз оқып алған абзалырақ.

Осы орайда айта кету керек, пайдаланатын косметиканың құрамында түрлі зиянды заттардың да болмауын ескерген жөн. Әрі дәретке кедергі жасай ма, жоқ па - соны анықтап алған дұрыс (мысалы, тырнаққа арналған лак дәретке кедергі). Өйткені, дәрет алу барысында жағылған бояудың астындағы теріге су өтпесе, дәрет дұрыс болмайды.  

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

Абдусамат Қасым,

Медиа

Жоғарыға