maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Сұрайын дегенім, отағасының мінезі жайлы, еңбекқор, бірақ өзі намаз оқымайды, арақ ішеді, кейде үйге қонақ келсе де арақ қояды.

Сұрайын дегенім, отағасының мінезі жайлы, еңбекқор, бірақ өзі намаз оқымайды, арақ ішеді, кейде үйге қонақ келсе де арақ қояды.

Сұрақ:

Ассалаумағалейкүм. Істеріңізге Алла жар болсын. Сұрайын дегенім, отағасының мінезі жайлы, еңбекқор, бірақ өзі намаз оқымайды, арақ ішеді, кейде үйге қонақ келсе де арақ қояды. Ғұсылсыз адамның үйіне періште кірмейді дегенін оқыған едім, ал күйеуім жүніптіктен кейін ғұсыл құйынбайды. Күйеуіме айтып түсіндергенмін, ақырын Алла қайырын берсін деп сабырлы болып жүруге тырысамын. Бұдан басқа да қандай жолдармен айтып түсіндірсем болады? Рахмет.

25 июля 2014, 19:32

 

Жауап:

Бұл жалған дүние болған соң сыналмайтын пенде жоқ. Алла Тағала әркімді әрқалай сынайды. Жаратқанның мейрімінен күдеріңізді үзбей,  төзімділік танытып, дұғада болыңыз. Құранда Алла Тағала:  «Уа, мүминдер!Сабырлықпен және намаз оқумен жәрдем тілеңдер»  («Бақара» сүресі, 153-аят) делінген. Сонымен қатар, Алланың бұйрықтары  мен тыйымдарына қарсы келмеген  істерде күйеуіңізге бойсұнуыңыз керек.  Сондай-ақ, даналық жолын ұстана отырып, көркем мәмле арқылы Ислам дінінің хақтығы мен пәктігін насихаттап жеткізуге тырысыңыз. Мүмкіндік болса күйеуіңізбен  бірге мешітке келіп, имамдармен сұхбаттасып,  кеңессеңіз болады.

Медиа

Осы категориядағы басқа материалдар: Құран оқудың зікірден артықшылығы »
Жоғарыға