maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Қазақстан құптан намазы оқылмайтын арктика белдеуіне жата ма?

Қазақстан құптан намазы оқылмайтын арктика белдеуіне жата ма?

Ханафи мәзһабының ғалымы Хаскафи: "Қыстың 40-шы күндерінде (Ибн Абидин: «Дұрысы – жаздың 40-шы күндері болу керек» деп түзетеді.) аспанда қызыл шапақ кетпей жатып таң ататындықтан құптан мен таң намаздарының уақыты кірмейтін жерлер бар. Мәселен Болгария сияқты елдер.

Ол жерлердің тұрғындары уақыты кірмесе де құптан мен таң намазын өздеріне ең жақын елдің уақытына қарап оқуға міндетті.» деп, ондай аймақтарда тұратындардың 5 уақыт намазды толық оқуға міндетті екендерін айтады. Демек, ол аймақтарда таң намазы кірсе де, уақыты өте қысқа болғандықтан таң намазын оқып үлгере алмайды. Ал құптан намазы мүлде кірмейді. Жер шарының мұндай аймақтарын ғылымда «Арктика белдеуі» деп атайды. Арктика белдеуі — Арктиканың солтүстік үлкен бөлігін қамтып жатқан жердің солтүстік географиялық белдеуі. Арктика белдеуі АҚШ, Канада, Гренландия, Исландия, Норвегия, Швеция, Финляндия, Ресей және жоғарыда аталған Болгарияны қамтиды. Википедиядағы картаға жүгінсек, Қазақстанның бір де бір аймағы Арктика белдеуіне кірмейді. Демек, еліміздің солтүстік аймағында құптан намазының уақыты кірмейді деп оқымай қою дұрыс емес.

Намаздың уақыты парыз. Уақыты кірмей намаз оқуға болмайды. Олай болса, таң мен құптанды оқу міндетті емес деп айтқандар да бар. Десе де, бұл ойдағылардың саны өте аз. Ханафи мәзһабында пәтуа жоғарыдағы пікір бойынша берілген. Демек, Арктика белдеуінің тұрғындары өздеріне ең жақын елдің намаз уақытын негізге алып таң намазы мен құптан намазын оқуға міндетті. Оразаны да жақын жердің уақытына қарап ұстайды.

Қ.Жұмағұл

www.maturidi.kz

Медиа

Жоғарыға