maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-
Толығырақ ...

Боянып намаз оқыса бола ма?

Құрметті сұрақ сұраушы, Исламда әйел адам өз ері үшін боянып, әдеміленеді. Ал, бөтен еркектің назарын аудару мақсатында боянуды дініміз құп көрмейді. Сондықтан да, үйінде боянып, намаз уақыты келісімен сол боянған күйі намазға тұрып жатса, оның күнәсі жоқ, иншаАлла. Тек пайдаланған косметиканыңыздың құрамы доңыз майынан ада болуы тиіс. Өйткені, доңыз майы  – намазға кедергі.

Толығырақ ...

ОРАЗА ЖАЙЫНДА ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Жауап:

1.Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?

Рамазан айында сәресіне тұрмаған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді. Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «ашура күні»[1] жаршыға былай жария етуді бұйырды: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тәмәмдасын. Ал ештеме жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!»[2]. Бұл хадистен түсінетіміз, ораза кезінде сәресіге тұрмай таң атырған кісі де сол күнгі оразасын ұстайды.   

Толығырақ ...

Wi-Fi желісін иесінің рұқсатынсыз қолдануға бола ма?

Сұрақ:  Сымсыз ғаламтор желісін (WI-FI) иесінің рұқсатынсыз қолдануға бола ма?

Жауап: Сымсыз ғаламтор желісін белгілі бір мөлшерде қаражат жұмсап, аталмыш қызметті қостырған азамат қана қолдана алады. Қызметті қостырған азаматтың рұқсатынсыз өзге тұлғалардың қолдануы шариғи тұрғыдан дұрыс болмайды. Себебі өзге тұлғаның мүлкіне рұқсатсыз қол сұғуға болмайды. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: إِنَّهُ لَا يَحِلُّ مَالُ امْرِئٍ إِلَّا بِطِيبِ نَفْسٍ مِنْهُ «Кісінің малы ол (қолдануға) разылық көрсеткенде ғана адал болады» деген.

Толығырақ ...

Ұлтшыл болуға Ислам діні қалай қарайды?

«Ұлтшыл» сөзі екі түрлі ұғымда қолданылуы мүмкін:

Біріншісі – ұлтжанды, ұлтының, отанының мүддесін жеке мүддесінен жоғары қоятын, азаматтық парызын жауапкершілікпен сезінетін. Бір сөзбен айтқанда «патриот».  Мұндай түсінікті шариғат құп көреді.

Толығырақ ...

Қазақстан құптан намазы оқылмайтын арктика белдеуіне жата ма?

Ханафи мәзһабының ғалымы Хаскафи: "Қыстың 40-шы күндерінде (Ибн Абидин: «Дұрысы – жаздың 40-шы күндері болу керек» деп түзетеді.) аспанда қызыл шапақ кетпей жатып таң ататындықтан құптан мен таң намаздарының уақыты кірмейтін жерлер бар. Мәселен Болгария сияқты елдер.

Толығырақ ...
Толығырақ ...

Исламда байлық қалай есептеледі?

Зекет бай адамдарға парыз делінеді. Байлық салыстырмалы ұғым емес пе? Сонда зекет беруші топты қалай анықтаймыз?  Құран, хадиисте бұл жағы қалай түсіндіріледі? Пәтері, көлігі болмаса да, артық жиған қаржысы, мал-мүлкі бар жандар да зекет беруге міндеттеледі ме?

Толығырақ ...

Ер әйелден басым ба?

Ислам діні әйел затына қаржылық, экономикалық істерде бұрын-соңды болмаған хұқықтар берді. Бір жағынан әйелге экономикалық дербестік сыйласа, екінші жағынан ер адамның әйелдің мал-мүлкі мен шаруасына қол сұғуына тыйым салды.

Толығырақ ...

Ғайбат дегеніміз не және оның зардаптары қандай?

С: Ғайбат дегеніміз не және оның зардаптары қандай?

Ж: ҒАЙБАТ СӨЗ АЙТУ

Ғайбат дегеніміз «адамның сыртынан сөз айту» дегенді білдіреді. Құран Кәрімде мұсылмандардың бір-бірінің сырттарынан ғайбат сөз айтып, бір-бірлерін мазақ қылуға қатаң тыйым салынған. Ғайбат, өсек айту өлген бауырының етін жегендей үлкен күнә болып саналады. Алла Тағала былай дейді:

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу