Елімізде 2716 мешіт бар

Елімізде 2716 мешіт бар

Өткен аптада елордада ҚМДБ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен бөлім сағатының кезекті мәжілісі өтті. Бөлім сағатында ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев есеп берді.

«Өткен жылы мүфтияттың 30 жылдық мерейтойы аясында шалғай ауылда орналасқан 30 мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ірі қалалардағы мешітке 97 садақа қабылдау терминалы орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 97 садақа терминалы орнатылмақ. Құлшылық үйлеріне қатысты мәліметтердің электрондық базасы жасалуда. Бұдан басқа осы жылы ірі қалалар мен үлкен жол бойында орналасқан мешіттер электронды картаға енгізіледі. Бүгінде Бас мүфти бастамасына орай мешіттерді қазақы стильде салу жұмыстарына қатысты нақты жобалар жүзеге асуда» деді ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев.

Марат Абдуллаұлы бүгінде еліміз бойынша мешіт саны 2716-ға жеткенін атап өтті.

Тәуелсіздік алған уақытта елімізде небәрі 68 ғана мешіт болған екен.

Maturidi.kz

Close Menu