Бүгін 1 ақпан – Дүниежүзілік Хиджаб күні

Бүгін 1 ақпан – Дүниежүзілік Хиджаб күні

Бүгін дүниежүзілік Хиджаб (World Hijab Day/ WHD) күні, дұрысы Хиджаб киюді қолдау күні. Бұл бастаманы Назма Хан есімді тегі бангладештік американ қызы 2013 жылы көтерген. Нью-Йоркке он бір жасында ата анасымен бірге көшіп келген Назма өсе келе айналасынан хиджабқа қатысты түрлі қысымдар мен айыптауларды көре бастайды.

Сыныбында орамал таққан жалғыз қыз болғандықтан класстастары оны әрдайым «Бэтмен», «Ниндзя» деп әжуалайтын болған. Ал атышулы 11/09 оқиғасынан кейін универсетитте  Назмаға «Усама бен Ладен» деген лақап тағады.

Оранған қыздарға қатысты түрлі дискриминациялық әрекеттерді сезіне жүре қысымға толы қоғамға қандай да бір жолмен қарсы үн қатуды көздеген Назмаға бүкіл өзі тектес мұсылман қыздарды «хиджабты қолдауға шақыру» идеясы келеді.

Қазіргі таңда WHD күнін қолдау шаралары әлемнің 190 елінде өтеді. Осы күні әлемнің түкпір түкпірінде миллиондаған мұсылман әрі өзге дін өкілдері бір күнге орамал оранады. Тіпті, арасында атақты адамдар, актерлер мен саяси тұлғалар да бар. Бұл күн туралы әлемнің аузы алты қарыс Нью-Йорк Таймс, BBC, әл-Жазира секілді ақпарат көздері жарыса жазады.

2017 жылы Англия қауымы палатасы ұйымдастырған WHD шарасына Англия премьер-министері Тереза Мэйда қатысып, орамалды қыздарға қолдау білдірді.

Ал, 2018 жылы Шотландия парламенті WHD шарасына орай үш күндік көрме ұйымдастырды. Бұл шараны қолдауға Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен де қатысты.

Былтыр Филиппин елінің Палата өкілдері 1 ақпанды Ұлттық Хиджаб күні деп белгілеу туралы жаң жобасын екінші оқылымда мақұлдап бекітті.

Worldhijabday.com сайты арқылы бұл жобаның тыныс тіршілігімен таныса аласыздар. Сондай-ақ, әлемнің түкпір-түкпірінде  #worldhijabday хештегі арқылы жыл сайын түрлі іс-шаралардың суреттерін әлеуметтік желілерде бөліседі. Биылғы пандемияға байланысты бүкіл шаралар онлайн форматта өтетін болады.

maturidi.kz

Close Menu