Экстремизм мен терроризмнің қазіргі заманғы қатерлеріне қарсы тұру

Экстремизм мен терроризмнің қазіргі заманғы қатерлеріне қарсы тұру

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қоры Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Хаменованың бекітілген 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні студенттерді теріс жолдан сақтандыру мақсатында «Экстремизм мен терроризмнің қазіргі заманғы қатерлеріне қарсы тұру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш жиынға Атырау сервис колледжі, Энергетика және құрылыс колледджі, Атырау көлік және коммуниакация колледжі, Агротехникалық колледжі, Қ.Дүтпаева атындағы гуманитарлық колледжі,Медицина колледжі, Атырау мұнай және газ университеті, Атырау инженерлік гуманитарлық институты, Құрманғазы аграрлы техникалық колледжі, Атырау политехникалық колледжінің өкілдері қатысты.

«Шапағат» ҚҚ директор орынбасары М.Құбышев қатысушы мамандармен таныстырып, жиын өткізудің мақсаты мен бағытына тоқталып өтті.

Дөңгелек үстелді ашып алғаш боп сөз бастаған Білім беру басқармасының бөлім басшысы Шамұрат Байжан Мұғалімұлы өз кезегінде студенттермен етене бірлесіп теолог мамандардың көмегіне жүгіне отырып, бірге жұмыс жасауға шақырды. Қазіргі таңда дін жолында жүрген студенттердің саны артуына байланысты, олардың діни көзқарастарын анықтаап дұрыс жолға салу дін мамандарының құзырына жататынын жеткізді.

«Шапағат» ҚҚ психолог маманы Салтанат Нурбекова «Жастар санасына жат ағымдардың кері әсері» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізіп, студенттермен психологиялық тұрғыда жеке кездесу жүргізудің тәртібімен тәжірибе алмасты.

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Д.Мұхамбетқалиев  «Діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында лекция арқылы қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді.

«Шапағат» ҚҚ теолог маманы А.Тулепов «Жат ағымның қоғамға зардабы» тақырыбында түсіндірме жұмысы арқылы қатысушыларға теріс діннің шығу тарихы мен оның алдын алу шараларына тоқталып, ашық пікір алмасу ретінде жалғастырды.

Жиын соңы қатысушы өкілдер көкейкесті сұрақтарына жауап алып, алдағы уақытта бірлесе қызмет атқаратындарын жеткізді.

     

Close Menu