«Кәсіп түбі-нәсіп» тақырыбында Дөңгелек үстел ұйымдастырылды

«Кәсіп түбі-нәсіп» тақырыбында Дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 22 қаңтар   күні  «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында елге оралған әйелдер  арасында  «Кәсіп түбі-нәсіп» тақырыбында Дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: өзін-өзі жұмыспен қамтуға  және жұмыссыз әйелдерді кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы қатысушылардың экономикалық белсенділігін арттыру.

Шараға қатысушы қонақтар: Облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшылығының меңгерушісі Зәмзәгүл Қиданқызы, Жеке кәсіпкер Төлеева Фатима Набидоллақызы, Атырау облысы іскер әйелдері қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Сұлтанова Лаура Кусмановна «Орда Сұлтан» ЖШС құрылтайшы, директор.

Жеке кәсіпкерлер өз сөздерінде  біздің қоғамда «бизнес бастау өте қиын, қымбат, әрі барлығының қолынан келе бермейді» деген пікір басым екеніне тоқталды.

Сондықтан болар, көп адамдар кәсіп бастауға жүрексініп, әлеуметтік әрі қаржылық жағдайын жақсартуға тырыспайды, нақты шешім қабылдауға асықпайды. Негізінде бизнес дегеніміз, қарапайым сөзбен айтқанда, еңбек, яғни еңбек ету дегенді білдіреді. Ал еңбектенем деген адамға жұмыс әрқашан табылады. Қиыншылықтан қорықпай, әркім өзінің жақсы меңгерген ісінен кәсіп ашып, жұмыс жасауға шақырды. Кәсіп ашудың қыр-сырын жетік түсіндіріп, кеңес бере алатындарын жеткізді.

Close Menu