Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның қара сөздерін жатқа айту сайысы

Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның қара сөздерін жатқа айту сайысы

Атырау облысы Дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-дың ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26 қазан күні Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның қара сөздерін жатқа айту сайысы өтті. Аталған шараға 15-35 жас аралығында қала және ауданнан 17  қатысушы қатысып, өздерінің бар өнерлерін ортаға салды.

Жыл басында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Мемлекет басшысы өз мақаласында: «Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды», – деп айтқан болатын.

Жалпы Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес асыл мұрасы қараңғы түндегі айдай сәулесін шашып, жарқырай түсуде. Осы орай, ақынның асыл туындылары қатысушыларға көкірегіне нұр болып құйылу мақсатында және дәстүрлі емес діни ағымдардан аулақ болуға, діни экстремизм мен терроризімнің алдын алу болып табылады.

Сайыс үш тур бойынша ұйымдастырылды.

1 тур: Абайдың қара сөзерін жатқа айту сайысы. Яғни мәнерлеп оқу стилі, дауыс ырғағы, мақамы бойынша саралайды;

2 тур:  билет суыру сайысы;

3 тур: қатысушылар жұпқа бөлініп, өзара қара сөзді жатқа оқу арқылы сайысы;

Финалдық тур: Сұрақ-Жауап беру арқылы ең көп ұпай жинаған қатысушы Жеңіпаз атанады.

Мәдени шараға қазылық еткен қазылар алқасының төрағасы мәдениет қайраткері, Абай танушы Қайыржан Махметұлы, Ақын, ауған соғысының ардагері Толыбай Шәкіров, Атырау телеарнасының директоры Қанат Әуесбайұлы, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Шарапиденұлы сайыскерлердің өнерлері мен шығармашылығына көңілі толып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, қазылар алқасының басқа да мүшелері бұндай іс-шараның жас ұрпаққа үлгі-өнеге, тағылымды тәлім-тәрбие беретінін ерекше атап өтті.

Шараның қорытындысында  Абайдың қара сөздерін айту сайысы бойынша – 3 орын дипломмен: Атырау қаласынан Есенгазиева Жанаргүл Исламовна, Нұрғали Зарина Ерболатқызы; 2 орын дипломмен: Досболатұлы Хасан; 1 орын дипломмен: Махамбет ауданынан Құжырбаев Сейтжан Бауыржанұлы жүлделі орындарды жеңіп алды. Аталған шараға 1 орынға 200 000, 2 орынға 150 000 және 3 орынға 50 000 теңге табысталып,  қалған қатысушыларға алғыс хат пен ынталандыру ақшалай сыйлық табысталды.

Абай мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы. Абайды тану арқылы біз Қазақ елін әлемге танытамыз. Абай қашанда ұлттық ұранымыз болуы тиіс!

___________________________________________________________

 

 

 

 

Close Menu